70 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 27/10 - 09:31

ДАИШ лаңкестік тобы 30-ға жуық адам қаза тауып, 70 адам жараланған Кабулдың батыс бөлігіндегі Каусар-е-Даниш оқу орталығына жасалған шабуылды өз мойнына алғанымен, Ауғанстан үкіметінің шенеуніктері мен сарапшылары лаңкестік әрекетке Талибанды кінәлап отыр. Бұл туралы «IRNA» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Саяси сарапшы Хусейн Барзани дүйсенбі күні Кабулдың батыс бөлігіндегі Каусар-е-Даниш оқу орталығына жасалған шабуылды  ДАИШ лаңкестік тобының өз мойнына алып, суреттерді жариялауы жалған, шын мәнінде бұл жойқын жарылысқа себепші болған Талибан ұйымы екендігін мәлімдеді.

Сарапшы  сөзінде: «ДАИШ лаңкестік тобының жариялаған  араб тіліндегі мәтіні жалған және мәтін «Google»  арқылы аударылған», - деді. 

Хусейн Барзани  сондай-ақ: «Бұл шабуылдың жалғандығын көрсететін тағы бір мәселе - бұл шабуыл туралы жарияланған мәтінде «ғазауат» сөзі қолданылған.  Ал,  бұл  «ғазауат» сөзін ДАИШ лаңкестік тобы Африка елінің Конго жеріндегі тұтқындарын босату үшін қолданған», -  деді.

Сонымен қатар сарапшы бұл шабуылға қатысты жасалған мәлімдемені талдай келе мәтіннің жалған екендігін көрсететін басқа да көптеген фактілердің бар екенін айтып өтті. Сарапшы  Каусар-е-Даниш оқу орталығына шабуыл жасау тек ДАИШ-тің ғана емес, сонымен қатар Талибанның да осы оқиғаның басты себепкері екенін дәлелдерге сүйене айтты. 

Ауғанстанның екінші вице-президенті Мохаммад Сарвар Даниш те дүйсенбі күні Талибанды Каусар-е-Даниш оқу орталығындағы лаңкестік шабуылды ұйымдастырушы ретінде атап көрсетіп,  Ауғанстан халқын өз бірлігін сақтауға және қиын кезеңдерге дайын болуға шақырды. 

Сонымен қатар, Мохаммад Сарвар Даниш БҰҰ және елдерді Ауғанстан халқын Талибанның аяусыз өлтіруін тоқтатуға шақырды.

Мохаммад Сарвар Даниш Талибан тобының осы шабуылды мойнына алсын немесе шабуылды мойындамасын олардың ғылым мен білімге қарсы екендіктеріне тоқтала, террористік актілер, жанкештілік пен жол бойындағы жарылыстар Талибанның ісі екендігін ашық айтты.

Сенбі күні  Ауғанстан астанасы Кабулдың батыс бөлігіндегі Каусар-е-Даниш оқу орталығы маңында  жойқын жарылыс болды. Лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 30-ға жетті және  70 адам жараланды.
Бұған дейін Ауғанстан дереккөздері қаза болғандардың санын 18 адам және жараланғандардың санын 60 адам деп мәлімдеген болатын.
Жарылысты ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Теги: