• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
22 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 24/11 - 09:39

«Қырғызстанның конституциясына кейбір түзетулер және мемлекеттік басқару жүйесіне түбегейлі өзгерістер қажет», - дейді құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

Осы күндері Қырғызстанда қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі - президент сайлауы қарсаңында конституциялық өзгерістерге қатысты референдум өткізу.
Осыған байланысты сарапшылар мен парламент мүшелері әртүрлі пікірлер айтуда.
«Конституцияға өзгертулер енгізу керек. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне түбегейлі өзгерістер қажет. Өзгерістер енгізу қажеттігін 5 қазандағы оқиғалар көрсетеді», - дейді сөзінде құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы Нұрлан Шарипов.  
Ол: «Қазіргі уақытта конституциялық реформа қажет. Бізге барлық мемлекеттік жүйелердегі жүйелі өзгерістер қажет. Өкінішке орай, барлық жағынан сәйкес келетін толыққанды құжат жоқ.  Әрине, бұл уақыт мәселесі», - деп қосты сөзінде.
Осы мәселені шешу үшін Н. Шарипов оның әртүрлі аспектілеріне тоқталды. Құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы «Біз қандай үкімет түрін таңдаймыз? Келесі сайлау қандай жүйеге сәйкес өтеді? Басшылардың қоғам мен халық алдындағы жауапкершілігінің кепілі қандай?» деген сауалдарды атап көрсетті.
«Бұл сұрақтарға жаңа құжатта жауап беру керек. Конституция - бұл елдің басты заңы ғана емес, сонымен қатар тарихи, саяси, экономикалық және қолданыстағы маңызды құжат. Қол жеткізілген өзгерістер уақыт пен қоғам қажеттіліктеріне сай болуы керек. Уақыт өте жылдам және бізге бұл өзгерістер уақыттың барлық тенденцияларына сәйкес келуі керек», - деп қорытындылайды сарапшы.
  
 
 
 
 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+1.51
USD
427.32
+0.29
EUR
519.88
+0.29
RUB
5.96
+1.02
TJS
37.80
+1.25
TMT
122.24
+1.25
UZS
0.04
+1.27

Ауа-райы

 

+34°C Теһран
+16°C Мәскеу
+11°C Нұр-Сұлтан
+12°C Бішкек
+10°C Алматы
+32°C Душанбе
+37°C Ашхабад
+30°C Ташкент

Соцсети