• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
32 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 30/03 - 17:37

Аймақтың бірқатар елдері қатысқан Тәжікстандағы саммит Ауғанстанда бейбітшілік орнатудың ең жақсы мүмкіндігі болуы ықтимал. Бұл туралы «Рars today» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауғанстандық саяси сарапшы Сейд Қасем Мозаффари «Дари» радиосына берген сұхбатында Тәжікстандағы «Азияның жүрегі - Стамбұл процесі»  саммитіне қатысушы елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының кездесуіне сілтеме жасап: «Конференцияға қатысушы елдер Ауғанстандағы бейбітшілік үшін жұмыс істеуде. Мәскеу саммиті де осы бағытта өтті және бұл саммит Стамбұл саммитіне бастама бола алады. Аймақтың бірқатар елдері қатысқан Тәжікстандағы саммит Ауғанстанның бейбітшілігі үшін жақсы кездесу бола алады. Ауғанстан үкіметі егер саяси даналыққа ие болса, Тәжікстандағы саммитте жасалған бар мүмкіндікті барынша пайдалана алады және соғыс, зорлық-зомбылық пен терроризмге қарсы жасалған келісімді пайдаланып, әлем мен аймақ елдерін өзімен бірге ете алады», -деді.

 «Ауғанстан бүкіл әлемге Ауғанстанда бейбітшіліктің қажеттілігін және оның барлығының игілігі үшін екенін түсіндіруі керек», - дейді ауғанстандық саяси сарапшы сұхбатында.

Айта кетсек,  «Азияның жүрегі - Стамбұл процесі»  конференциясы кеше Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында басталды.

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети