• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
946 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 19/05 - 19:59

НҰРСҰЛТАН, 19-мамыр. - Eurasia Today. Тағамтану саласындағы зерттеулер міндетті түрде таңғы ас ішу қажеттігін айтады. Таңертең тамақтанбайтын адамның денсаулығы нашарлайтынына еш күмәнданбасаңыз болады. Алайда таңғы ас ішпеудің нақты қандай зияны бар? Біз осы сауалдың  жауап іздеп көрдік.

Егер таңғы ас ішпей жүрсе не болады?

Ағза әлсірей бастайды, әсіресе адамның жүрегі әлсірейді. American College of Cardiology журналында жарияланған американ және қытай зерттеушілерінің ғылыми мақаласында таңғы ас ішпеген адам ағзасының жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу ықтималдығы жоғары деп көрсетілген. Мұндай тұжырымды ғалымдар 1988-1994 жылы Америка тұрғындарына жүргізілген зерттеу негізінде жасаған. Зерттеуге 40-75 жас аралығындағы 6550 америкалық азамат қатысқан. Олардың ешбірі жүрек-қан тамырлары ауруына немесе обырға шалдықпаған. Респонденттердің орташа жасы – 53,2. Қатысқандардың 48%-і ерлер болған. Зерттеу нәтижесінде 2318 өлім тіркеліп, соның ішінде 619-ы жүрек-қан тамырлары ауруынан қайтыс болған.

Сонда таңғы астың  маңыздылығы қандай?

Ғалымдардың мәліметінше, таңғы ас зат алмасу процесіне зор ықпал етеді және көмірсулы, энергиясы жоғары тағамдар таңғы ас уақытында жақсы сіңеді.

Таңғы асқа не жеген  дұрыс?

Деректерге сүйенсек, таңғы асқа жұмыртқа, бал, ірімшік, сүтке пісірілген күріш ботқасын жеп, айран, көк шай ішкен жөн. Керісінше, таңертең тәттіден, ет, балық, ұн өнімдері, пияз бен сарымсақтан бас тартқан жөн.  

Қытайдың бір азаматы интернет арқылы таңғы астан бас тартудың зияны туралы өз ойымен бөліскен. Ол өз жазбасында таңертеңгі астан бас тарту ауыр аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін деп көрсеткен.

Иә, шыныменде «Таңертең кешке қарағанда ақылды» деген мақалды бәрі біледі. Шынында да, таңды жақсы бастаған адам өмірін де жақсы басқара алады. Сонымен таңғы астан бас тарту қандай ауруларға әкелуі мүмкін?

Қант диабеті

2012 жылы жарияланған зерттеу нәтижелеріне қант диабетімен ауырмайтын  20 мыңнан астам сау ер адамдар қатысқан. Зерттеу 16 жыл жүргізілген және нәтижесінде таңғы астан бас тартқан ер адамдарда қант диабетінің даму қаупі күніне үш рет тамақтанатындарға қарағанда 25 пайызға жоғары екендігі анықталған. Тіпті таңғы асты ішпеу қант диабетінің даму қаупін 16 пайызға арттыратындығы байқалған. Осылайша, таңғы асты елемеу салмақ өзгеруіне әкелмесе де, қант диабетіне әкелуі мүмкін.

Семіздік

Ия, таңғы асты әдетке айналдырмаған адамдар көп жағдайда семіздікке бейім келеді.  

Когнитивті қабілеттің төмендеуі

Сингапурдың «Ляньхэ цзаобао» газетінде таңғы астан бас тартқан балаға қатысты зерттеу нәтижесі жарияланды. Жарияланған зерттеуге сәйкес, баланың таңғы ас ішуден бас тартуы оның миының дамуына кері әсер еткен және бұл танымдық қабілеттердің төмендеуіне  әсер етуі  ықтимал деген тұжырым жасалған.

Өтте тас байлану, холелитиаз

Таңертеңгілік астан бас тарту өт тастарының және өт жолдарының басқа ауруларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін, ал өт тастарының болуы өт қабының қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады.

Созылмалы қабыну

2020 жылы «Нутрициология» журналында 70 мыңнан астам адам қатысқан зерттеу нәтижесі жарияланды. Нәтижелер бойынша, таңертең таңғы ас ішуді әдетке айналдырмаған адамдардың қанында жоғары сезімтал С-реактивті ақуыздың көп мөлшері байқалған. Нәтижесінде таңғы астан бас тарту ағзадағы созылмалы қабынумен байланысты болуы мүмкін деген болжам жасалды.

 Жалпы, медицина мамандарының айтқанына сүйенсек, таңғы астың денсаулыққа пайдасы мол. Таңғы ас организмдегі зат алмасу процесін жақсартады. Мамандардың айтуынша, таңертең ағза қажет энергияны алмағандықтан, ағзада әлсіздік пайда болады. 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети