• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
3543 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 02/09 - 17:05

НҰРСҰЛТАН, 2 - қыркүйек. - Eurasia Today. Президенттің кешегі Жолдауы елді пандемиялық жағдайдан шығару жоспары. Жолдауда пандемия кезіндегі басты түйткілдер қаралған. Жолдауға қатысты осы және өзге де ойын «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі Қазбек Майгелдинов ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Жолдауда көпшілік күткен жайт, халықтың әл-ауқатын арттыру. Өздеріңіз білесіздер, пандемия кезінде елдің әлеуметтік жағдайы ең түйіткілді мәселенің бірі болды. Ол дегеніміз көп балалы аналардың талабы, жұмыссыздық және шағын және орта бизнес мәселелері тағы сол сияқты. Осы түйіткілдерді Президенттің назарда ұстағаны көрініп тұр. Бұл жолғы Жолдау пандемиядан сабақ алып, енді одан шығу жоспары. Нақты тоқталсақ, былтыр пандемия кезінде бүкіл ел болып талқылаған 42 500 теңге, енді 60 мыңға жетіп отыр. Президент дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбегін бағалау керектігін үнемі айтады, нәтижесінде олардың жалақысы көтерілді», - деді Қазбек Майгелдинов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы елдің алдағы даму жолын көрсетті ендігі мақсат оны халыққа түсіндіру мен орындау.

«Президент айқындаған тағы бір жайт, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеру. Халық үшін жасалып келесі мүмкіндіктің бірі - зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін Отбасы банкіндегі депозитке аудару. Бұл өте маңызды, себебі осыған дейін болған «Баспана-хит», «7-20-25» тұрғын үй бағдарламалары өз мәресіне жетіп отыр. Демек жаңа мүмкіндік керек. Мені қуантқан келесі мәселе еңбек нарығын реттеу. Қазіргі таңда көлеңкелі экономикада жұмыс істеп жатқан жалдамалы жұмысшылардың қатары аз емес. Оны заңдастыру керек, біріншіден жалақысы төмен, екіншіден оларға қандай еңбек талабы қойылып жатқанын ешкім білмейді. Халықты жиі мазалайтын азық-түлік бағасының тұрақсыздығын да Мемлекет басшысы баса айтып өтті» , - дейді ол.

Сондай-ақ, сарапшы Президент Жолдауда жүктеген тапсырмаға Үкімет бүгіннен кірісу керек деген ойын алға тартты. Бұған дейін Қ. Майгелдинов Қазақстанда қоғамдағы түйіткілді мәселелерді талдайтын сарапшылар клубы құрылғанын мәлім еткен еді.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети