• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
10 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 03/09 - 16:36

НҰРСҰЛТАН, 3 - қыркүйек. - Eurasia Today. Әртүрлі елде вакцинаны сертификаттаудың өзіндік ережелері болғандықтан, қазір саяхатшылардың вакцина алғанын дәлелдеудің бірыңғай халықаралық жүйесі жоқ. Сарапшылардың пікірінше, бұл халықаралық сапарларды қалпына келтіруді қиындатуы мүмкін. Бұл туралы ақпарат тілшісі Тravel Daily News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерді өңдеу және талдау бойынша жетекші GlobalData компаниясының сарапшылары саяхатшылар әртүрлі елге бару талаптарын түсінбегендіктен ішкі туризмді халықаралық туризмнен артық көреді деп санайды. Бұған вакцина алғанын дәлелдеудің қиындығы кедергі болуы мүмкін.
GlobalData туризм сарапшысы Гас Гарднер: «Вакцина-  туристік сала үшін үміт отын жаққандай болды. Алайда, шашыраңқы ережелер мен елдер арасындағы өзара келісімдердің болмауы саяхатшыларды шектеуді жалғастырып келеді. Жаһандық сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55 пайызы бұл шектеулер сапарға шығу үшін екінші үлкен тосқауыл болып тұрғанын айтқан. Кейде туристер вакциналау мәртебесін дәлелдеу үшін бірнеше кезеңнен өтуі керек. Әр елде бұл ережелер әртүрлі болғандықтан олар шатасады», - дейді. 
Маманның пікірінше, кейбір елде, соның ішінде АҚШ-та цифрлық жазбалардың болмауы вакцинацияланған адамның мәртебесін растауды қиындатады. 
«Саяхатшылар көп күш жұмсамайтын қарапайым шешімдерді қалайды. Бұл ережелерді түсіну өте қиын болуы мүмкін. Егер жақын арада шаралар қабылданбаса, бұл халықаралық сұранысты тежеуі мүмкін», - дейді Гас Гарднер. 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети