• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
28 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 01/11 - 14:34

НҰРСҰЛТАН, 1 - қараша. - Eurasia Today. Сарапшылар Қазақстанда туу көрсеткішінің өсуінің неғұрлым ықтималды артуының себебін отбасылар үшін ай сайынғы жаңа жәрдемақының енгізілуі деп атады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) карантиннің бала тууға әсері туралы еларалық зерттеу жүргізді. Ұлттық статистикалық деректерді талдау, зерттеу жүргізілген елдердің көпшілігінде карантин тууға теріс әсер еткенін көрсетті.

Қазақстанда туудың күрт өсуі 2020 жылдың III тоқсанынан бастап байқалады – туылғандар саны 116,7 мыңды құрады, бұл 2019 жылғы
III тоқсанға қарағанда 8,4%-ға артық. 2020 жылғы IV тоқсанда өсім
2019 жылғы IV тоқсанға қарағанда 9,5%-ды құрады. 2021 жылғы I-II тоқсандарда өсім 2020 жылғы тиісті тоқсандарға қарағанда 8,4 және 10,7%-ды құрады.
«Бізде (Қазақстанда) карантин бэби-бумға әкелді деген пікір кең таралған, алайда, 2020 жылғы III және IV тоқсанының көп бөлігінде бұл тұжырым теріс екенін аңғаруға болады. 2020 жылғы III тоқсанда туған балалар 2019 жылдың IV тоқсанында, тіпті Ухань тұрғындары жаңа жұқпалы коронавирус туралы хабардар болмаған кезде бойға біткен. Сондай-ақ, Қазақстанда 2020 жылғы IV тоқсанда туған балалардың аз ғана бөлігі карантин кезінде бойға бітуі ықтимал, өйткені алғашқы карантиндік шектеулер 2020 жылдың наурыз айының ортасында-аяғында енгізілді», – деп түсіндірді сарапшы Қайырбек Аяшев.
ЕРДО-да Қазақстанда 2020 жылы бала туу көрсеткішінің өсуінің неғұрлым ықтимал себебі ретінде, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап табысына қарамастан, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттері бар отбасылар үшін ай сайынғы жаңа жәрдемақының енгізілуін атауда. Бұл ретте жәрдемақының енгізілуі туралы 2019 жылдың қазан-желтоқсанында жарияланды.
Аталған жәрдемақылардың ынталандырушы рөлін Қазақстанда туу кезектілігі бойынша бала туу статистикасы қосымша растайды.
«2020 жылы Қазақстанда 426 824 бала дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24 514 балаға көп. Бала туу өсімінің басым бөлігі (65%) кезектілік бойынша төртінші баланың тууы есебінен қамтамасыз етілді. Бала туудың 24%-ға өсуі балалардың туу кезегі бойынша бесінші есебінен қамтамасыз етілді. Осылайша, Қазақстанда көпбалалы отбасылар бойынша жаңа ай сайынғы жәрдемақы, негізінен кезек бойынша 4 және 5 баланың туылуын ынталандырады.
Қазақстанда балалардың дүниеге келуін одан әрі зерттеуді 2021 жылдың қорытындысы бойынша туу кезектілігі бойынша балалардың тууы туралы деректерге ие бола отырып жүргізуге болады, бұл Қазақстандағы бэби-бумның 2021 жылы неге жалғасқанын: көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақының енгізілуіне немесе карантинге байланысты ма екенін анықтауға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Қайырбек Аяшев.
Соңғы қолжетімді мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 296,5 мың бала дүниеге келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға көп.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети