• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1422 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 04/04 - 11:17

НҰР-СҰЛТАН, 4 - сәуір. - Eurasia Todaу. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауына орай Иранның Халықаралық жаңа ізгі іс жасаушылар келешегі жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры доктор М.Мумени пікір білдірді.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, доктор М.Мумени Президент Қ.Тоқаевтың тарихи жолдауында терең реформалар қамтылған деп санайды.

2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев мырзаның маңызды және тарихи жолдауы Қазақстандағы билік құрылымының контекстін түбегейлі өзгертіп, терең реформалар арқауы болмақ. Н.Назарбаевтан кейінгі Қазақстанның ілгерілеу мен даму жолын белгілі бір түрде жалғастырып келе жатқан Қ.Тоқаев реформаларды қолдау және халықтық демократияға нақты жағдай жасау үшін саяси, экономика, әскери, қауіпсіздік және сот салаларында басқару институттарында кең ауқымды реформалар жасап, демократиялық билік орнатуға тырысуда. Өлім жазасын алып тастаған сот жүйесі тұрғысынан бұл жетістік - өңір елдерінің тарихындағы бетбұрыс.

Президент мырзаның шешімдерінде Қазақстанның халықтық демократиясына өз әсерін тигізген 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар маңызды рөл атқарды.

Ардақты президент халықтың талап-тілектерінен тәжірибе алып, лаңкестік ағымдар мен Қазақстан халық жауларының қиянатының алдын алу арқылы биліктің және оған қатысты ұйымдардың кейбір қызметін ашық ету арқылы нағыз билік пен шынайы демократияға жол ашуға тырысты.

Министрлер кабинетінде реформалар жасау және саясат қалыптастырудың маңызды бөліктерін жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен әкімдерге тапсыру, партиялар мен журналистердің қызметі мен сөз бостандығын, өзіндік пікірлер білдіру еркіндігін ашық әрі мөлдір ету, азаматтық құқықтардың жарғысын әзірлеу және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – Президенттің тиімді іс-шаралары шеңберінде баян етілген мәселелер.

Мұндай жағдайда Қазақстан үкіметі қазақ қоғамының қолында бар әлеуетін елдің экономикалық, саяси, мәдени және сыртқы саяси дамуында пайдалана алады, тиімді шаралар қолдана алады және бұл іс-шаралар өңірдегі басқа елдерге үлгі және ұлттық ынтымақты қалыптастыру және ұлттық қауіпсіздікті сақтау жолында тиімді бола алады. Қазақстан Президентінің соңғы жолдауы өңірдегі және Еуразия кеңістігіндегі елдердегі маңызды оқиға болып табылады, өйткені билік пен халыққа сенім берудің ашықтығы Қазақстан тарихындағы бетбұрысты кезең болмақ. Міне, сондықтан, дәл осы құжатты жүзеге асыру және қабылдау Қазақстанның тарихи бағытын айқындай түседі жән бұл, Қазақстан үкіметі мен халқының жетістігіне айналады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети