• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
628 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 16/04 - 12:35

НҰР-СҰЛТАН, 16 - сәуір. - Eurasia Todaу. Дүниежүзілік банк соңғы есебінде Ауғанстанның жалпы ішкі  өнімі 2022 жылдың соңына қарай шамамен 30 пайызға төмендеуі мүмкін екендігін мәлімдеді.

Ауғанстанның экономикалық жағдайына тоқталған Дүниежүзілік банк сарапшысы «Ауғанстан экономикасының алдында тұрған ең маңызды мәселе-соңғы жылдардағы құрғақшылықтан кейінгі елдегі саяси және қауіпсіздік жағдайына деген сенімсіздік. Бұл елдің перспективасы нашарлап отыр, болашағы бұлыңғыр», - дейді.

Сарапшы Абулфазл Зохреванд Ауғанстанның экономикалық жағдайы жайлы: «Контрабанда, көкнәр егу және есірткі заттарын жасау сияқты заңсыз жолдармен заңсыз табыс табу соңғы жылдары Ауғанстанның өте әлсіз экономикасын реттеуге кедергі болып отыр. Бұл Ауғанстанды заңсыз экономикаға ие ел ретінде танытты», - дейді.

Дүниежүзілік банктің пайымдауынша, Ауғанстандағы экономикалық дағдарыстың жалғасуының салдарынан кедейлік артады, босқындар саны көбейеді, экстремизмнің таралуынан туындайтын қауіп-қатерлер күшейеді.

Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, Ауғанстанда жеке сектор өте әлсіз. Тынышсыздықтың жалғасуы Ауғанстанда осы саланың дамуына кедергі болып отыр.

Дүниежүзілік банктің Ауғанстан бойынша бас экономисі Тобиас Хак: «Әлемдегі ең кедей елдердің бірі кедейлене түсті. Ауғанстан экономикасының болашағы қорқынышты», - деді 14 сәуірде өткен Дүниежүзілік банк есебіне қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

 Ауғанстанда Талибан тобы билік басына келгеннен кейін халықаралық көмектер азайды. Соңғы екі жылда саяси дағдарыс күшейген соң Ауғанстанға шетелден инвестиция тартылмады. Ең маңызды заңды табыс көзі саналатын ауыл шаршашылығы өте төмен өнім берді. Ауғанстан халқының 60 пайыздан астамының табысы осы ауыл шаруашылығына байланысты. Осының барлығы Дүниежүзілік банктің Ауғанстан экономикасына теріс баға беруіне себеп болды.

 Жалпы Ауғанстан жоғары экономикалық потенциалға ие ел. Ауғанстанда мыс, көмір, лазурит, темір және литий сынды көптеген кен орындары бар. Сонымен қатар елдегі мұнай мен газ кеніштерін де назарға алуға болады. Егер Ауғанстанда саяси тұрақтылық орнаған болса бұл ел дұрыс бағдарламалар жасау арқылы жылдам өз экономикасын жақсы дамытумен қоса, кедейлік, жұмыссыздық және босқындық сияқты мәселелерді жеңе алады.

 

 

    

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети