• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
349 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 24/12 - 10:43

АСТАНА, 24 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Америкалық Bloomberg басылымы өзекті мәселені көтерген мақала жариялады. Соңғы алты айдағы энергетика және логистика нарығындағы оқиғаларды сараптай келе, олар санкциялар ұжымдық Батыстың екі негізгі геосаяси қарсыластары Ресей мен Иранға ауыр зиян келтірмегенімен қатар оларды екіжақты ынтымақтастықты нығайту және сауданы жеделдетілген қарқынмен арттыруға мәжбүрледі деген қорытындыға келді.

Батыс сарапшыларының пікірінше, логистикалық тізбек екі елге санкцияларға байланысты келтірілген шығындарды өтеуге ғана емес, сонымен қатар Еуропадағы жүктерді тасымалдаудың әдеттегі бағыттарына кедергі келтіруге мүмкіндік береді.

Мәскеу мен Теһран ынтымақтастықты арттыруға бел буып, кез-келген мәселе жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деген ұстанымды басшылыққа алды. Тараптар Мумбайға, Үндістанның басқа да порттарына және ары қарай Қытайға қысқа бағдарды ойластырды.
 Ресей мен Иран көлік дәлізін құруға 25 миллиард доллардан инвестиция салатыны белгілі. Ресейде Еділ арқылы өтетін кемелердің жиілігі мен көлемін арттыру, сондай-ақ айлақ инфрақұрылымының құрылысы көзделіп отыр.
Иранның IRSL мемлекеттік агенттігі Астрахань маңындағы Солянка портын жаңғыртуға қазірдің өзінде он миллион доллардан астам қаржы салғаны белгілі. Америкалық сарапшылардың айтуынша, инвестиция жүктерді ауыстырып тиеуді айына 85 мың тоннаға дейін арттырады.
Institute for the Study of War сарапшыларының пікірінше, Мәскеу бір мезгілде Дон бойында кеме қатынасын ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан әрі ресейлік тауарлар Азов сулары арқылы белсенді түрде қалпына келтіріліп жатқан Мариуполь порты арқылы Түркияға жөнелтіледі. Айта кету керек, Түркия Еуропаның оңтүстігіндегі негізгі газ хабына айналған және көршілес Иранға жүктерді ауыстырып тиеу үшін транзиттік елге айналуы мүмкін.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети