• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
15 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 05/01 - 13:22

АСТАНА, 05 - қаңтар. - Eurasia Todaу. 2021 жылы миллион сомнан сәл аз табыс тапқанына қарамастан Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың гардеробының құны табысынан 2,5 есе қымбат екені белгілі болды. Бұл туралы қырғызстандық 24.kg сайты хабарлады.

Осы мәлімет бойынша Жапаровтың 2021 жылы миллион сомнан сәл аз табыс тапқанын Қырғыз Республикасының Салық қызметі 2022 жылдың желтоқсан айында жариялаған декларациясында көрсеткен.
Қырғыз Республикасы Мемлекет басшысының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерге сәйкес, оның 2021 жылғы табысы 997 803 сомды құрады. Бұл президенттің айлық жалақысы 83 100 сом деген сөз. Оның меншігінде тек 0,6 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мен гараж ғана бар. Жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы деректер көрсетілмеген. Сондай-ақ Қырғызстан Мемлекет басшысының жақын туыстарының табысы мен мүлкі туралы мәлімет жоқ.
Айта кетерлігі, Садыр Жапаров Құланақ су электр стансасының құрылыс алаңына капсула салуға келгенде киген бір ғана күртесінің құны оның жылдық табысынан асып түскен. Бұл 1 миллион 264 мың сом, яғни Садыр Жапаровтың 15 айлық жалақысы.
Еске салайық, фактчекерлер Садыр Жапаровтың қазан айында өткен шараға құны 15,3 мың доллар тұратын итальяндық Loro Piano брендінің күртешесін киіп келгенін анықтады. Бұл Қырғызстан президенті гардеробындағы жалғыз қымбат киім емес.
Жақында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытынды отырысына Садыр Жапаров бір айлық жалақысынан 72 мың рубльге, яғни 86 500 сомға қымбат тұратын француздық Christian Louboutin брендінің қызыл табаны бар туфлиін киіп барған. Ал оған дейін ол Бішкек базарларын үстіне құны айлық табысынан алты есе жоғары – 5900 доллар (500 000 сомға жуық немесе мемлекет басшысының алты айлығы) итальяндық Stefano Ricci брендінің күртесін киіп аралаған.
2022 жылдың тамыз айында әлеуметтік желі қолданушылары арасында Қырғызстан мемлекет басшысы Садыр Жапаровтың Ermenegildo Zegna брендінен бағасы шамамен 5 000 доллар немесе 400 000 сомнан астам тұратын кардиганы талқыға түскен болатын. Бұл киімнің бағасы Жапаровтың айлық жалақысынан бес есе артық.
2022 жылдың қаңтарында Садыр Жапаров пен осы елдің "бірінші ханымы" Айгүл Жапарова Қаракөлдегі тау шаңғысы курортында демалды. Онда ерлі-зайыптылар үстеріне қымбат костюмдер киді. Жапаров құны өзінің айлық табысынан бір жарым есе қымбат, яғни 1999 еуро, шамамен 105 000 сом тұратын Lynn күртесін кисе, "бірінші ханым" Toni Sailer брендінің бағасы Қырғызстан президентінің екі жалақысын құрайтын, шамамен 140 мың сом тұратын костюмін киген.
Өткен жылдың өзінде Садыр Жапаровтың гардеробынан құны 2 миллион 500 мың сомға жуық киім-кешек көзге түскен. Бұл оның жылдық табысынан 2,5 есе көп.
24.kg сайтының жазуы бойынша Қырғызстан Президентінің ең жақын туыстарының мүлкі мен табысы көрсетілмегендіктен, мемлекет басшысының мұндай ақшаны қайдан алатыны белгісіз күйінде қалып отыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети