АСТАНА, 20 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Бүгін, 20 қаңтарда Астана қаласында «Орталық Азия-2030: Болашақтың келбеті» атты сарапшылар отырысы өз жұмысын бастады.
Кездесуде Орталық Азия елдерінің сауда және экономика, көлік және энергетика, адами капиталды дамыту сияқты салалардағы кооперацияны арттыру мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқылануда.
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің сарапшылары қатысуда.
Президент жанындағы ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы «Орталық Азия-2030: Болашақтың келбеті» атты сарапшылар отырысында аймақта келісімге келу қажет бірнеше жоба бар екенін атап өтті.
Әсел Назарбетованың айтуынша, «Орталық Азия-2030: Болашақтың келбеті» конференциясында және одан кейін өтетін жабық талқылауда аймақтағы бүкіл проблемалар ашық талқыланып, ұсыныстар жасалады.
Айта кетсек, іс-шараны ұйымдастырушылар-Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Теңге бағамы
Ауа-райы