• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
350 Категория: В мире - Жарияланды 16/03 - 11:18

АСТАНА, 16 - наурыз. - Eurasia Todaу. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл Сауд Ar-Riyadh Airlines әуекомпаниясын құратынын жариялады.

2030 жылға қарай тасымалдаушы компания әлемнің 100-ден астам қалаларымен байланыс орнатуға ниетті және компания өз клиенттеріне Сауд Арабиясының қонақжайлылығымен бірге ерекше деңгейдегі кешенді қызметтерді ұсынады деп жоспарлануда.
Әзірге әуекомпания рейстерді нақты қай бағыттар бойынша жүзеге асыратыны бойынша хабарламады.
Әуетасымалдаушы компанияны Сауд Арабиясының тәуелсіз қоры басқарады. Компанияның директорлар кеңесіне Ясир әл Румайян қорын басқарушылар және Біріккен Араб Әмірлігінің Etihad Airways әуекомпаниясының бұрынғы бас директоры Тони Дуглас кіреді.
Компания басшылығы өңірлік және туристік тораптарға лайықты бәсекелестік орнатуға үмітті. Жаңа әуекомпания Сауд Арабиясының мұнайдан түсетін қаражаттан бөлек жалпы ішкі өнімнің өсуіне 20 миллиард доллар қосып, 200 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Бұған дейін The Wall Street Journal газеті Эр-Риядтың американдық Boeing корпорациясымен жаңа әуекомпания үшін ұшақ өндірісі туралы келісім жасасуға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети