АСТАНА, 18 - мамыр. - Eurasia Todaу. Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) делегациясы Татарстан астанасына келді.
Делегацияны Өнеркәсіп және сауда министрі Нуреддин Азизи кеше, сәрсенбі күні бастап барды.
Делегация «Ресей – Ислам әлемі: Kazan Forum-2023» XIV Қазан халықаралық экономикалық форумына қатысты. Талибан делегациясы іс - шараға қатысу үшін Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтан ресми шақырту алған.
Сапар барысында министр Азизи екі ел арасындағы сауданы жеңілдету, инвестицияларды ынталандыру және Ауғанстанға инвестиция салу үшін Ресейдің және басқа да шараға қатысушы елдердің шенеуніктерімен, сондай-ақ ірі компаниялардың шенеуніктерімен кездеседі деп күтілуде.
Айта кетсек, Азизи бұған дейін жаз мезгілінде Ресейде ресми сапармен болды. Оның сапарының қорытындысы бойынша Ауғанстанға энергия ресурстарын жеткізуге келісімшарттар жасалды. Сонымен қатар тараптар мұнай, бидай, ұн, күнбағыс майын сатып алуды талқылаған болатын.
Сондай-ақ Ауғанстан тарапы Ресеймен минералдар мен жемістердің бажсыз экспорты туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан болатын.
Теңге бағамы
Ауа-райы