АСТАНА, 24 - мамыр. - Eurasia Todaу. Гайана Президенті Мохаммед Ирфаан Али дүйсенбі күні мектептен өрт шығып 19 баланың көз жұмуына байланысты елде үш күндік аза тұту туралы жариялады.
«Мен ұлт ретінде келесі үш күнді өрт салдарынан қаза тапқан балалар үшін дұға етуге және олардың туыстары мен қоғамдастыққа арнауды сұраймын», - делінген Гайана Президентінің мәлімдемесінде.
Мадия қаласындағы орта мектеп жатақханасында өрт орын алып, салдарынан 18 қыз бала мен бір ұл бала құрбан болды. Өрт дүйсенбі күнге қараған түні орын алған. Өрт орын алған сәтте жатақхананың есіктері құлыптаулы болған, ал терезелерден шығуға орнатылған темір торлар кедергі келтірген.
Өрт сөндіру бөлімі өрттің шығу себебі ретінде «өрт қою» нұсқасы жоққа шығарылмайтынын айтады.
Өрт шыққан мектепте негізінен байырғы халықтардың балалары оқиды.
Гайана - Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекет. Халқының көп бөлігі үнділер мен Африкадан әкелінген құлдардың ұрпақтары. Ресми тілі - ағылшын тілі; үнділер хинди тілінде сөйлейді.
Теңге бағамы
Ауа-райы