• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
364 Категория: В мире - Жарияланды 26/05 - 10:45

АСТАНА, 26 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран мен Қытайдың Денсаулық сақтау министрлері ДДҰ-ның Женевадағы 76-шы сессиясы аясында кездесті.

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау экономикасы, дәрі-дәрмек, фармацевтикалық шикізат пен медициналық құрал-жабдықтарды бірлесіп өндіру саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге келісті.
Иран мен Қытайдың Денсаулық сақтау министрлері Женевада өтіп жатқан отырыс аясында кездесіп, денсаулық сақтау, дәрі-дәрмек, фармацевтикалық шикізат пен медициналық техниканы бірлесіп өндіру, сондай-ақ бірлескен ғылыми конференциялар өткізу туралы уағдаласты.
Иранның Денсаулық сақтау министрі Бахрам Айноллахи Қытайдың коронавирус індеті кезінде Иранға Sinopharm вакцинасын жеткізудегі ынтымақтастығын жоғары бағалап, екі ел арасындағы долларсыз сауда саясатына тоқталды.
Кездесуде Қытайдың Денсаулық сақтау министрі Ма Сяовэй де екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге тоқталып, Иран мен Қытай арасындағы достық пен ұзақ жылғы ынтымақтастықтың кең тарихына, соның ішінде Жібек жолы мәселесіне тоқталды және Бейжіңнің осы ынтымақтастықтарды нығайтуға дайын екенін атап өтті.
Айта кетсек, шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығына арналған.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети