• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
18 Категория: В мире - Жарияланды 26/04 - 16:05

НҰРСҰЛТАН, 26-сәуір. - Eurasia Today. Үндістанда Covid-19 ауруы қатты өршіп тұр. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі хабарлады. 

1,3 миллиардтан астам халқы бар Үндістанда тәулігіне коронавирусқа шалдыққандардың 350 000 жаңа жайты тіркелуде. Ел астанасы Делиде осы аурудан әрбір төрт минут сайын бір адам көз жұмып жатыр, күніне үш мың кісі өлімі тіркеледі.
Коронавирустан қайтыс болып жатқандардың саны көптігіне байланысты мүрделер көшелерде жаппай кремациялануда. Reuters агенттігінің жазуы бойынша, көптеген ауруханаларда төсек-орын, оттегі жетіспейтіндіктен олар науқастарды қабылдаудан бас тартып отыр. Премьер-министр Нарендра Моди елінің коронавирустық дауылдың эпицентрінде тұрғанын айтты. Ол азаматтарын санитарлық шараларды мұқият ұстануға және вирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.
Үндістанда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны бүгінде 20 миллионға жуық. Үндістан осы көрсеткіш бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.
Дели көшесіндегі крематорий қызметкері The Guardian газетіне елдегі жағдайдың соғыс жүріп жатқанға ұқсайтынын айтқан. 
Әлемдік БАҚ-ның жазуы бойынша, бұл Үндістандағы денсаулық саласындағы ең жойқын дағдарыс. Вирустың күрт өсуінің себебі мутацияланған және вакцинаға төзімді «Оңтүстік Африка», «Британия» және «Бразилия» штаммдары деп жарияланды.
Коронавирус пандемиясымен күресіп, жеңе алмай жатқан Үндістанға әлем елдері, соның ішіне Америка мен Франция, Иран көмек ұсынды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети