• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1665 Категория: Ближний Восток - Жарияланды 13/05 - 16:46

НҰР-СҰЛТАН, 13 - мамыр. - Eurasia Todaу. Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян бүгін жұма күні қайтыс болды. Бұл туралы БАӘ ресми хабар агенттігі WAM мен тағы басқа халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

БАӘ ресми ақпарат агенттігі WAM: «Президент істері министрлігі БАӘ халқына, араб және ислам үмбетіне және бүкіл әлемге елдің Жоғарғы Көшбасшысы және қамқоршысы, ел президенті жоғары мәртебелі шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтады», - деп жазды

Sky News агенттігінің де хабарлауы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Президент істері министрлігі бұл жаңалықты растап, бүгін жұмадан бастап шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға 40 күндік ресми аза тұту жарияланатынын, тулардың жартылай түсіріліп, министрліктер мен кеңселер, федералдық және жергілікті мекемелер, жеке сектор 3 күн жабық болатынын хабарлады.

БАӘ президенті 74 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол 2004 жылдан бері Президент болды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+32°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети