• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2136 Категория: В мире - Жарияланды 08/09 - 11:58

НҰРСҰЛТАН, 8 - қыркүйек. - Eurasia Today. АҚШ азаматы Боливияның Ильимани (6 439 м) тауына шығамын деп, шыңға 200 метр қалғанда өкпесі ауырып қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

24 жастағы АҚШ альпинисі Даниэль Гранберг АҚШ-тың Колорадо штатынан Кордильера-Реаль  шыңына екі гидпен аттанған. Дәл сол гид мамандар альпинистің жағдайы нашарлаған кезде құтқарушыларды шақырған.

Алайда, құтқару бригадасы оқиға орнына жеткенде саяхатшы қайтыс болып кеткен. Оны төмен түсіру үшін оларға екі күн уақыт қажет болған. Төменге түскен соң Гранбергті жақын маңдағы мәйітханаға жеткізген.

Қайтыс болған жігіттің анасының айтуынша, ұлының өкпесі 6,2 мың метр биіктікте істен шыққан. Тағы бір туысының айтуынша, тауға шықпастан бұрын оның басы ауырған және ентігу байқалған, алайда ол өзін жақсы сезінген. 
Гранбергтің жанында болған гидтің айтуынша, турист ең қиын әрі ұзақ жолды таңдаған. 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети