• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1844 Категория: В мире - Жарияланды 11/10 - 14:53

НҰРСҰЛТАН, 11 - қазан. - Eurasia Today. Жексенбі күні Жапонияның батысындағы Хёго префектурасындағы ойын-сауық паркінде еденнің опырылуы салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында ағаштан жасалған ойын-сауық лабиринті құрылысын тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға кезінде бұл жерде жүрген 24 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел жамбастарын сындырған. Зардап шеккен тағы төрт адам, соның арасында жеті жасар қыз жеңіл жарақаттар алған.

Ойын-сауық саябағының бейсенбіге дейін жабылатыны хабарланып отыр. Аттракционның ені бір метр, ұзындығы 2.3 метр үшінші қабатындағы білеуінің жылжығаны салдарынан опырылғаны нақтылануда.

Саябақтағы ойын-сауық лабиринті 2013 жылдың сәуірінде ашылған. Саябақ өкілдерінің айтуынша, мұндағы қызметкерлер қауіпсіздікті күн сайын тексеріп отырады.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети