1960 Категория: В мире - Жарияланды 18/11 - 06:32

НҰРСҰЛТАН, 18 - қараша. - Eurasia Today. Еуропа мен Азияда құс тұмауының бірнеше ошақтары тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы мәлімдеді.

Осы аптада Оңтүстік Кореядағы фермада қауіпті вирус анықталған. 800 мыңға жуық тауық түгелдей жойылды. 

Бұған дейін Жапония мен Норвегиядағы құс фабрикаларында инфекция ошағы тіркелген. Мамандар вирустың адамға жұғуы мүмкін екеніне алаңдаулы. 

Мәселен, Қытайда жыл басынан бері 20-дан астам адам құс тұмауын жұқтырған.

Теги: