• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
397 Категория: В мире - Жарияланды 23/01 - 16:38

АСТАНА, 23 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Кягытхане-Ыстамбұл әуежайындағы метро желісі жобасымен Түркия бүкіл әлемге метро құрылысы саласындағы өзінің күші мен мүмкіндіктерін дәлелдеді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 34 шақырымдық метро желісінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия президенті сегіз станцияны қамтитын жаңа метро желісінің Қягытхане ауданынан Ыстамбұл әуежайына дейінгі қашықтықты 24 минутта өтетінін атап өтті.

«Тәулігіне 800 мың жолаушыны тасымалдайтын жаңа метро желісінің ашылуы Ыстамбұл үшін тарихи оқиға», - деді Ердоған.

Түркия басшысы құрылыс барысында отандық материалдарды пайдаланған түрік инженерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.

Ел президенті сондай-ақ, Ыстамбұл әуежайынан Халкалы аймағына дейінгі метро желілерінің, сондай-ақ мегаполисте бірнеше басқа метро желілерінің құрылысы жалғасып жатқанын еске салды.

«Осы жобалардың барлығын жүзеге асыру аяқталғанда Ыстамбұл теміржол жүйелерінің жалпы ұзындығы 380 шақырымнан асады», - деді Ердоған.

Ыстамбұл теміржол құрылысы жобаларын жүзеге асыру бойынша әлем қалалары ішінде бірінші орында. Қягытхане-Ыстамбұл әуежайы метро желісінде саяхат бір ай бойы тегін.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети