• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
98 Категория: Интервью - Жарияланды 09/11 - 10:31

Иранның Өзбекстандағы елшісі: «Иран – Өзбекстанның  халықаралық суларға шығуының ең жақсы әрі ең қысқа жолы және жақын болашақта темір жол желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін Өзбекстанның Иран айлақтарына қосылуына жағдай жасалады»,- деді. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды. 

Иранның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хамид Нирабади Ташкент қаласындағы ақпарат құралдарына сұхбат берді және сұхбат кезінде: «Теһран мен Ташкенттің өзара ынтымақтастығы жоғары әлеуеттке ие»,-деді.
 Хамид Нирабади сұхбат барысында Ташкент қаласы туралы өз ойын білдіре: «Екі елдің тарихы, мәдениеті мен өркениеті баршаға мәлім және бұл мақтан етуге тұрарлық байлық. Екі елдің мәдениті, тарихы және әдебиетінің бір-біріне етене кірігіп кеткендігі соншалықты, оны бір мәдениет деп айтуға болады»,-деді. Сонымен қатар Хамид Нирабади екі елдегі қалаларға, олардың тарихы мен ұқсастықтарына тоқтала «Адамзат өркениетіне үлкен үлес қосқан көптеген ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен математиктер, астрономдар осы қалаларда туып өсті және олардың еңбектері мәңгілікке екі халықтың достығы мен мызғымас ынтымағының символы болып қала бермек», -деді.
Иранның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  сұхбатының жалғасында: «Соңғы жылдары екіжақты сауда қарқынды дамыды,  тек коронавирус індетінің басталуы бұған біраз кедергі болды. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп сенемін. Сауда өсуінің маңызды шараларының бірі - екі жақтан тауарларды көбірек экспорттауға негіз болатын жеңілдетілген тарифтік құжатты аяқтау. Өткен жылы екі елдің кәсіпкерлері мен өнеркәсіп белсенділері екі елдің кәсіпкерлері конференциясы аясында жақсы кездесулер өткізді және келісімдерге қол қойды. Біз бұл келісімдерді әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Шын мәнінде, елшіліктер екі елдің әртүрлі ведомстволары арасындағы байланысты жеңілдетеді және біз бұл тұрғыда өте берікпіз. Екі елдің провинциялары мен еркін аймақтары арасындағы ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін белсендіру, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының қажетті құқықтық негіздерін құру - бұл біздің екі ел арасындағы сауда-саттық шарттарын жеңілдетуге және көлемін арттыруға бағытталған тағы бір міндеттеріміз. Иран Ташкентке халықаралық суларға шығудың ең жақсы және қысқа жолы болып табылады, жақын болашақта темір жол желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін Өзбекстанның Иран айлақтарына қосылуына жағдай жасалады.  Бұл мәселеге екі елдің ресми өкілдері баса назар аударып отыр», -деді. 
Иран халқының Өзбекстанға және оның тарихи қалаларына өте қызығушылық танытуда екендігіне тоқтала елші: «Байланыс өрістері көбейіп, визалар жеңілдетілсе, біз бұрын-соңды болмаған жолмен туризмнің екі елде де өсетіндігін көреміз. Жыл сайын миллиондаған ирандық туристік мақсатта әлемнің әр түрлі елдеріне саяхаттайды, сонымен қатар Ташкент ирандықтар үшін маңызды туристік бағыттардың бірі бола алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен бүгінде әлемнің түрлі халықтарының басқа ұлттардың мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы білімдері өсті», - деді.
«Сондай-ақ, елшілік өзбек жазушыларының кейбір тамаша туындыларын парсы тіліне аударуға ниет білдіріп отыр. Мәдениет пен өнер адамдары екі ұлттың бір-біріне жақындығын растайды», -деді Хамид Нирабади сұхбатының соңында.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети