• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
41 Категория: Интервью - Жарияланды 25/03 - 12:50

Иранның іргелі ғылымға негізделген Pistazteb компаниясының бизнесті дамыту бөлімінің директоры Вахид Иунеси компанияның өндіріс линиясының аптасына коронавирусты анықтайтын 80 000 тест жиынтығын жасап шығаратынын, кеше 10 000 жиынтықты зертханаларға таратқанын хабарлады. Бұл туралы "Fars News" агенттігі хабарлайды.   

Іргелі ғылымға негізделген Pistazteb компанияның бизнесті дамыту бөлімінің директоры Вахид Иунеси Fars News тілшісіне сұхбат берді.

Fars News: Коронавирусын анықтайтын тест жиынтығын өндіру ісін қашан бастадыңыздар?

Иунеси: Елде коронавирусы тарала бастағаннан бері іргелі ғылымға негізделген орталықтардың бірі саналатын біздің компания вирусты анықтайтын тест жиынтығын өндіру үшін зерттеу жұмыстарын бастады. 
Ғылыми жұмыстар саласында 21 жыл тәжірибеге ие іргелі ғылымға негізделген Pistazteb компаниясы коронавирусымен күресу үшін қажет инфрақұрылымдарды пайдаланып және ел президентінің ғылыми-технология департаментінің үндеуімен коронавирусын анықтайтын тест жиынтықтарын өндіруге кірісті. 

Fars News: Іргелі ғылымға негізделген Pistazteb компаниясының тест жиынтығы Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясын алды ма?

Иунеси: Қуанышымызға орай, компанияның коронавирусты анықтайтын тест жинақтарын өндіру үдерісіндегі талпыныстарының жалғасында өткен аптада өніміміздің сапасын бақылау саласында сынақтар жасалып, Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алдық.

 Fars News: Аптасына қанша тест жинағын өндіруді мақсат етесіздер?

Иунеси: Денсаулық сақтау министрлінің рұқсатына ие болған соң өткен аптаның басынан бері компанияның өндіріс линиясының бір бөлімін коронавирусын анықтайтын тест жинақтарын шығаруға арнадық. Бүгінде елдің стандартты жағдайында аптасына аталмыш вирусты анықтайтын 80 000 тест жинақтама өндіретін мүмкіндігіміз бар. Қаржы тұрғысынан жергілікті өнімнің бағасы импорттық үлгілерінен анағұрлым төмен. Кешеден бері коронавирусын анықтайтын тест жинақтарын Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатына ие зертханаларға таратуды бастадық. Шамамен 100 зертханаға тапсырылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети