• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
64 Категория: Интервью - Жарияланды 23/11 - 15:19

Түркия сарапшысы Оздемир Акбал Түркия мен Америка арасындағы кикілжіңнің Кипр мәселесі және Түркияның лаңкестікпен күрес тақырыбымен 1970 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтып: «Америка Түркияға анда-санда қысым жасағанымен, ол ұзаққа созылған жоқ»,- деді. 
Бұл туралы Tasnim ақпарат агенттігі хабарлады. 

Америкадағы президенттік сайлау көптеген тартыстан кейін демократтардың үміткерінің жеңіске жетуімен аяқталды. Джо Байденнің жеңісі мен Дональд Трамптың жеңілісі біржолата анықталғанша сот үдерісі өтуі тиіс болғанымен, бұл мәселе Трамптың сайлаудағы жеңілісті қабылдамайтынын, Ақ үйде қалу үшін талпыныс жасайтынын көрсетті. 
Америкадағы президенттік сайлау нәтижесі Түркия үшін де маңызды. Өйткені соңғы төрт жылда Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақсы саяси қарым-қатынасқа ие болды. Мысалы, АҚШ Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алғаны үшін Түркияға санкция салуды мақсат еткенімен, Трамп оған жол бермеді.
Алайда Байденнің президент болуымен АҚШ-Түркия қатынасы басқа бағытқа түсуі мүмкін. Байден – Түркияны жақсы білетін саясаткерлердің бірі. Ол Түркияға төрт рет барды. Түркиядан екі рет кешірім сұрады: бір жолы Вашингтонның түрік төңкерісіне қатысты ұстанымын кешіктіріп мәлімдегені үшін Ердоғанның өзінен, екінші жолы Сирияға қатысты Түркия саясатын қатты сынағаны үшін кешірім сұрады. Ол мұның алдында Ердоғанға теріс пікір білдіріп, оның саясатына қарсы екенін мәлімдеді. Сондықтан болашақта Анкара мен Вашингтон арасындағы қатынас шиеленісуі мүмкін.
Осы ретте Tasnim агенттігі Фракия университетінің ұстазы, Америка бойынша саяси мәселелердің сарапшысы Оздемир Акбалмен сұхбаттасты.  

Tasnim: Американың 2020 жылғы сайлау үдерісі мен сайлау үміткерлерінің жақтастары өткізген шерулер Америка қоғамының екі полярлық тақырыбымен бетпе-бет келгенін көрсетті. Америкадағы жіктің себебі неде?

Акбал: Америка қоғамы 50 штат пен 330 млн адамнан тұрады. Америка полициясының қаратүстілерге қарсы қабылдауға келмейтін қатігез әрекеттері мен сайлаудан кейінгі шерулерді Американың екі полярлық болуының себебі деп атауға болмайды. Шындық – Трамптың саясаткер ретінде Америка халқы әдеттенген қатынасты көрсете алмауында. 
Трамптың қалыптан тыс әрекеттері Америка азаматтарының осы тақырыпқа әртүрлі қатынас ұстануына себеп болды. Азаматтардың кейбіреуі Трамптың саясатын қолдаса, басқа біреулері сынады. Осы фактор Америка қоғамында жіктің пайда болуына себеп болды. 
Бірақ Америка Құрама Штаттарында екі полярлық бар деп айтуға болмайды. Наразылықтардың кейбірі оншақты жыл бұрын басталған. Ел азаматтары наразылықтарын бұрын көрсетпегенімен, соңғы жылдары шерулерге шығу арқылы білдіріп жүр. Трамптың саясатына наразы америкалық бұқаралық ақпарат құралдары халықтың наразылығын көбірек көрсетуге күш салды.

Tasnim: Джо Байденнің президенттік сайлауда жеңіске жетуіне қандай факторлар көмектесті?

Акбал: Алдыңғы сараптамаларымда Байденнің аз дауыс айырмашылығымен Америка сайлауында жеңіске жететінін айтқам. Бірақ Байден жеңісінің дәлелі қаранәсілділер мен Латын Америкасынан келген мигранттарда емес. Америка қоғамы Байденді өздерінің құтқарушысы санамайды. Байденнің жеңіске жетуінің себебі – Америка халқының Трамптың әдеттен тыс қатынасына наразылығында. Осы фактор 2016 жылмен салыстырғанда ел азаматтарының көбінің сайлауға қатысуына себеп болды.  
Трамп 2016 жылғы сайлауда да жеңілген болатын, бірақ оны электралды дауысы жеңіске жеткізді. 2020 жылғы сайлауда Трамптың ешқандай мүмкіндігі болған жоқ. Байден Обама саясаты моделінің жаңа нұсқасы болады деп айту керек. Ол америкалықтардың қаһарманы емес, дегенмен сайлауда азғана басымдықпен жеңіске жетті. 

Tasnim: Ердоған мен Трамп арасындағы жақсы жеке қарым-қатынастың АҚШ пен Түркия арасындағы көптеген мәселелерді тыныштандырғанын байқадық. Бір мысалы, Америка Конгресі Түркияға санкция салғанда ол іс жабулы қазан күйінде қалды. Байден билігінде бұл үдеріс өзгере ме?

Акбал: Түркия мен Америка арасындағы кикілжің Кипр мәселесі және Түркияның лаңкестікпен күрес тақырыбымен 1970 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Америка Түркияға анда-санда қысым жасағанымен, ол ұзаққа созылған жоқ.

Tasnim: Байден бұрын Түркия үкіметін құлату үшін ел президентінің қарсыластарын қолдайтынын айтқан болатын. Сіздің ойыңызша, бұл саясат жалғаса ма? 

Акбал: Байден бұл сөзді Америка президенті болып сайланбай тұрып айтты. Ақ үйде президент орындығына отырған соң ол жауапкершілікпен сөйлеуге мәжбүр болатын адамға айналады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети