ТрамптыңИраннанұпайалудағысәтсіздігіБайденді«Ортаққадамға»оралутуралыойландырды
- Толығырақ
- Қаралды: 115
Америка Ұлттық қауіпсіздік директорының бұрынғы кеңесшісі Фрэнк Н. фон Хиппель Дональд Трамп өз саясатымен Ираннан ұпай ала алмаған соң Байден үкіметі «Ортақ қадамға» оралғысы келеді деп санайды.
Бұл туралы Tasnim News агенттігі хабарлады.
Tasnim News: Иранның қарсыласуына байланысты Трамп үкіметі осы елдің экономикасын толық нысанаға ала алмағандықтан, енді ислам республикасы Американың жаңа үкіметіне қатысты қандай стратегия ұстанады деп ойлайсыз?
Хиппель: Иран Байден үкіметімен сұхбатқа әзір болады деп үміттенемін. Байден үкіметі Трамп үкіметіне қайшы «ұтыс-ұтыс» шешім жолына, әсіресе, «Ортақ қадам» келісіміне оралуға, Иран да осы келісімнің баптарын сақтауға ынта танытады деп күтемін.
Жаңа үкімет Трамп үкіметі салдарынан туындаған Иранның экономикалық шығындарының орнын толтырғысы келмейді. Олар Иранды дұшпан санағанымен, ядролық келісімді «ұтыс-ұтыс» келісімі ретінде қолдайды.
Олар сондай-ақ, тағы басқа «ұтыс-ұтыс» келісімдеріне қол жеткізуді қалайды.
Tasnim News: Шын мәнінде, республикашылар мен демократтардың Американың Иран мен Таяу Шығысқа қатысты саясаттарына көзқарастары өзгеше дегенге сенесіз бе?
Хиппель: Демократтар мен республикашылардың арасында әртүрлі көзқарас бар. Бірақ Байден мен Трамп үкіметтері арасында Иранға, Израиль мен Арабстанға қатысты көзқарас айырмашылығы үлкен. Екі жақ та Израильді қатты қолдайды. Бірақ мен Байден үкіметі Трамп сияқты Израиль премьер-министрі Нетаньяхуге әсіресе палестиналықтардың келешегі және Американың Иранға қатысты саясаты бойынша жақтасады деп ойламаймын.
Мен сондай-ақ, Байден үкіметі Трамп үкіметі сияқты Арабстанды көзсіз қолдайды деп ойламаймын. Арабстанның Йеменге қарсы басқыншылығында адам құқығының бұзылуына қатысты ашу қатты. Сондай-ақ, Сауд Арабиясының журналисі Джамал Хашоғджи осы елдің тақмұрагері Мохаммад Бен Салманның бұйрығымен өлтірілді деген күдік бар.
Бір сөзбен айтқанда, Байден үкіметімен келіссөз жүргізу Иран үшін құнды, ал оның нәтижесі тыныш және қауіпсіз әлем болады деп үміттенемін.
Теңге бағамы
Ауа-райы