• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
175 Категория: Интервью - Жарияланды 23/12 - 13:09

Asianews.ir/fa торабынан Ирадж Джамшиди ИИР-дағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Асхат Оразбаймен сұхбаттасты.

Asianews.ir:
Бүгін Ирандағы Қазақстан елшісі Aсхат Оразбай мырзамен кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік туды. Асхат Оразбай парсы тілінде еркін сөйлейді. Өте белсенді. Елшіге қаңтардың оны күні, шамамен екі аптадан кейін өтетін Қазақстан Мәжілісі сайлауы туралы сұрақтар қойдық.

Ол кісі еліндегі Сайлау заңына енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Елшінің айтуынша, Қазақстан біртіндеп демократия жаққа ілгерілеп келеді.

Сайлау заңы Мәжіліс депутаттарының көбінесе партиялық тізім бойынша сайлануына себеп болды. Енді қарсылас партиялар да сайлауға қатысып, Мәжілісте өкілге ие бола алады.

Бұрынғы Мәжілісте үш партияның өкілі болған. Алдағы сайлауға алты партия қатысады: «Nur Otan», «Ақ жол», «Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы», «Ауыл», «Бiрлік», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия».
Асхат Оразбайдың сөзінен белгілі болғандай, егер Қазақстанда бұрын экономика бірінші болса, енді саясат та бірінші орынға шыққан.
Асхат Оразбай Қазақстан Мәжілісіне 107 өкіл сайланатынын айтты: 98 өкіл партиялық тізім бойынша сайланса,  9 өкілді Қазақстан халықтары ассамблеясы сайлайды. 
Қазақстан Мәжіліс сайлауының жақсы өтуіне тілектеспіз. Өйткені аймақтағы көршілес елдердегі өзгерістер басқа елдерге де әсер етеді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+9°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети