• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
90 Категория: Интервью - Жарияланды 19/01 - 10:28

Иранның Горган Сауда палатасының басшысы осы қаладан Ақтауға әуе рейсі коммерциялық, туристік және медициналық туризм мақсатында елдің үш солтүстік облысымен келісіп жасалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ISNA News агенттігі хабарлады. 

Горганның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық палатасының басшысы Әли Мохаммад Чупани ISNA агенттігіне берген сұхбатта: «Біздің көптеген бизнесмендер Қазақстанмен, әсіресе осы елдің Ақтау қаласымен сауда саласында байланыс жасайды. Сол себепті олар Ақтауға жиі қатынайды. Қазіргі уақытта Иран бизнесмендері бұл қалаға Әзірбайжан арқылы барады. Бұл көп уақыт алады және бизнесмендерге көп шығын келтіреді», - деді. 
Чупани Ақтау айлағының жоғары экономикалық әлеуетіне тоқталып: «Қазіргі уақытта Иранның солтүстігінде Ақтауға жету үшін теміржолды да, кемені де пайдаланатын мүмкіндік бар. Жуырда біз Гүлстан, Мазандаран және Гилан сауда палаталарының ынтымақтастығымен және үш облыстың губернаторлығымен келісе отырып, Ақтау рейсін ашуға шешім қабылдадық», - деді. 

Горган Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы осы рейсті ашуды өте маңызды деп атап: «Бұл мәселеге байланысты біз Қазақстанның Теһрандағы елшісімен, Горгандағы Қазақстанның Бас консулымен және бірнеше авиакомпания басшыларымен кездесу өткіздік. Иранның солтүстігіндегі үш облыс пен Теһран Сауда палатасының келісімімен Горганнан Ақтауға әуе рейсін ашатын болдық», - деді. Чупани рейстің 95 жолаушыға арналатынын, ұшақтың таңертең Горганнан ұшып, сол күні кешке Горганға қайтып оралатынын, апта сайын ұшатынын, іскерлік, туристік және медициналық туризм мақсатында ашылатынын айтты. 
Горган Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы рейстің ашылу уақыты туралы: «Коронавирустың жағдайы жақсарып, экспорттық мақсатты көздеген елдер тарапынан виза беру жеңілдетілген жағдайда Горган-Ақтау әуе рейсі алдағы бір-екі айда іске қосылады деп үміттенеміз», - деді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети