Профессор Надер Ентесар егер Армения мен Әзірбайжан келіссөзге көшсе, Иран арағайындық жасай алады деп санайды. Бұл туралы Mehr News агенттігі хабарлады.
Mehr News агенттігінің тілшісі Оңтүстік Америкадағы Алабама университетінің Политология факультетінің деканы Надер Ентесармен Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың басталу себептері туралы сұхбаттасты.
Mehr News: Армения мен Әзірбайжан арасындағы шиеленіске куә болып отырмыз. Жуырдағы қақтығыс екі елдің даулы Қарабақ аймағынан тыс жерде болды. Осы жолғы екі ел арасындағы шекаралық қақтығыстардың негізгі себебі неде?
Надер Ентесар: Армения мен Әзірбайжанның таяудағы шекаралық қақтығыстарының тамыры тереңде. Алайда бұл жолғы жанжал Қарабақ кикілжіңінен тыс жерде, Арменияның солтүстік-шығысында орналасқан Тавуш облысындағы ауылдың айналасында болды. Екі елдің жоғары басшыларының «Минск» келісімгер тобы аясында өздерінің алауыздықтарын шешу үшін келіссөздерге жүгінгеніне біраз уақыт болды. Бұл тұрғысында жақсы нәтижеге де жеткендей көрінген. Дегенмен соңғы айларда екі ел бір-бірін қаскүнемдікпен айыптауға көшіп, келіссөздер құлдырай бастады.
Әзірбайжан Арменияны елінің ішіндегі мәселелерді тұмшалау үшін жуырдағы қақтығысты бастады деп айыптады. Армения үкіметі де Әзірбайжан үкіметін қақтығыстарға жауапты санайды.
Қақтығыстар екі елдің де ішкі жағдайын біршама ушықтырды. Тіпті Әзірбайжан президенті елінің Сыртқы істер министрін қызметінен алып тастады. Осы елдің бұрынғы Қорғаныс министрінің ұсталғаны да туралы хабарлар жарияланды.
Mehr News: Иран Армения мен Әзірбайжанға араларына арағайындық етуге әзірлігін мәлімдеді. Сіз Теһранның арағайындық рөлін қалай бағалайсыз?
Надер Ентесар: «Иранның Армения мен Әзірбайжан арасына арағайындық жасауға дайындығын жариялауы бірінші рет емес. Бірақ арағайындық екі тарап та бір-бірімен сұхбаттасуға дайын жағдайда пайдалы. Қазіргі жағдайда сұхбттасу үшін жағдай жоқ.
Mehr News: Иран аймақ мәселелері аймақ елдері арасындағы келіссөз арқылы шешілуі керек екенін әрдайым баса айтып келеді.
Аймақ мәселелеріне қатысты тараптар арасындағы дипломатияны, қажет жағдайда аймақтағы елдердің арағайындық сияқты рөлін қуаттайды. Бұл туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?
Насер Ентесар: Теориялық тұрғыдан дұрыс сөз. Алайда алдыңғы сауалдың жауабында айтқанымдай, өкінішке қарай, қазір бейтарап арағайын Армения мен Әзірбайжан арасында қалыптасқан мәселені шешуде әсерлі рөл атқаратындай жағдайда емеспіз. Арағайындық жасаушы ел атқара алатын ең жақсы рөл бәлкім, соғысушы тараптарға атысты тоқтату бітімін қабылдату болар.
Mehr News: «Минск» келісімгер тобының Армения мен Әзірбайжан кикілжіңін шешудегі талпыныстары нәтижесіз болғанын тілге тиек еттіңіз. «Минск» тобы осы салада Франция мен Американың саяси ұпай алуы үшін аренаға айналғандай көрінеді. Сіздің ойыңыз қандай?
Насер Ентесар: Иә, өкінішке қарай «Минск» тобы Еуропа мен Америка үшін ойыншыққа, әсіресе, Франция мен Американың бәсекелестігіне айналды. Америка мен Франция өз мүдделерін көздеуде. Олар Кавказ аймағы елдеріне Ресейдің ықпалын шектеуді мақсат етуде. Сол себепті «адал арағайын» рөлін ешқашан орындаған жоқ.
Mehr News: Екі ел арасындағы қақтығыс дағдарысқа Түркия мен Ресей сияқты елдердің енуіне себеп болуы мүмкін бе?
Насер Ентесар: Түркия қазірдің өзінде кикілжіңге енді. Бұл ел Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстарға Арменияны жауапты деп атады. Осы арқылы Әзірбайжан республикасындағы құзыры мен ықпалын арттыруды көздеуі мүмкін. Ресей осы уақытқа дейін сақтықпен әрекет етті. Дегенмен, егер Армения мен Әзірбайжан арасындағы қазіргі шиеленіс жалғасатын болса, Ресейдің осы екі ел арасындағы қақтығыстарын бақылауға шынайы кірісу ықтималы арта түседі.
Ресейдің екі елге қысым жасайтын құралы аймақтағы басқа елдерге қарағанда әсерлірек.
Теңге бағамы
Ауа-райы