• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
56 Категория: Интервью - Жарияланды 11/03 - 12:32

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің байланыс және ақпараттық технологиялар министрі «Fars news» агенттігіне берген сұхбатында Сауд Арабиясы коалициясы мен АҚШ-тың алты жыл бойғы  Йеменге келтірген шығындары туралы айтты. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлайды.

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің байланыс және ақпараттық технологиялар министрі сұхбат барысында  Йеменнің езілген халқына қолдау көрсеткен Иран басшылығы, үкіметі мен халқының ұстанымдарын бағалап,  Йеменге басып кірген Сауд Арабиясы коалициясының коммуникациялық инфрақұрылымының жүйелі түрде жойылуына келтірген  шығындары туралы айтты. 
Сауд Арабиясы коалициясының Йеменге басып кіруі кезіндегі Йеменнің байланыс секторына келтірілген залал туралы сұраққа жауап ретінде министр:  «Соңғы алты жылда басқыншылардың байланысқа қарсы қылмыстары жалғасын тауып, бүкіл ел бойынша ұлттық байланыс желісі мен оның инфрақұрылымы агрессияшыл коалиция тарапынан үздіксіз бомбаланып отырды», -деді.
Ол шабуылдардың коммуникациялық инфрақұрылымға үлкен шығындар мен зиян келтіргеніне  тоқталып өтті.
Сонымен қатар министр сұхбат  кезінде агрессорлардың экономикалық соғысты да бастағанын және Йеменде техникалық қызмет көрсету немесе модернизациялау үшін қажетті байланыс жүйелері мен жабдықтарын сатып алуға және импорттауға тыйым салғаны туралы айтты.
 Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің байланыс және ақпараттық технологиялар министрі сөзінде: «Йеменге SMW5 және AAE-1 суасты кабельдерін пайдалануға тыйым салынды. Ал, бұл шаралардың барлығы медициналық, білім беру және гуманитарлық қызметтерге мұқтаж миллиондаған Йемен азаматтарының тағдырына әсер етті», - деді.
«Сауд Арабиясы коалициясы 2400-ден астам әуе шабуылдарын жасап, байланыс нысандары мен станцияларын нысанаға алды және бұл Йеменнің байланыс инфрақұрылымының 31 пайызын толығымен жойып, оның 21 пайызын жартылай қиратты. Йемендегі 438 байланыс және пошта орталықтары үздіксіз бомбалау мен қызметкерлерінің жұмыстан жиі кетуіне  байланысты жабылды. Сауд Арабиясы коалициясының Йеменге басып кіруі кезінде байланыс саласына келтірілген ауыр шығындар осы саланың инфрақұрылымымен ғана шектелмеді. Бұл Йемен қоғамына және оның бүкіл халқына зиян келтірді.  81 оқшауланған қала мен ауылдың барлық байланыс құралдары үзілді және бұл миллиондаған йемендік бейбіт тұрғындардың қайғы-қасіретін арттырды. Олар ешкімді көмекке шақыра алмады. Сауд Арабиясы бастаған әуе шабуылдарында жүздеген бейбіт тұрғындар қаза тауып, жараланды. Егер байланыс болғанда оларды құтқаруға болар еді», -деді. Министр Йемен соғысында тікелей шығын  көлемінің 4,5 миллиард долларға бағаланғанын баса айтты.
Ол: «Сауд Арабиясы коалициясы халықаралық қауымдастықтың, тиісті халықаралық ұйымдар мен институттардың үнсіздігін пайдаланып, Йеменнің байланыс секторына қарсы агрессиясын және экономикалық соғыстарын жалғастыруда», - деп қосты. 
Сұхбаттың соңғы бөлігінде министр барлық осы проблемаларға сілтеме жасай отырып, осы қиындықтардың бәріне қарамастан, Йеменнің байланыс саласы берілмегенін және берілмейтіндігін жеткізді. Ол әр түрлі провинциялардағы Йемен азаматтарына қызмет көрсету мақсатында күн батареяларын қолдана басталғанын айтты, бірақ агрессорлардың қажетті жабдықтарды әкелуіне тыйым салуы   бұл саланы толық қолға алуға әсер етіп отырғанын да жеткізді.
Сұхбат соңында Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Йеменнің байланыс саласындағы езгісінің көрінісін жеткізуге мүмкіндік бергені үшін «Fars news» агенттігіне алғысын білдірді.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети