• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
127 Категория: Интервью - Жарияланды 18/03 - 16:35

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елі мен Қазақстан арасындағы шекараларды демаркациялау барлық түсініксіздікті анықтағанын, екі елдің бір біріне ешқандай талабы жоқ екенін  мәлімдеді. Бұл туралы ehonews.kz ақпарат торабы хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қазақстандық басылымға берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдірді.
Журналист Ақмарал Баталова Шойгумен сұхбатта екі елді қайтсе де араздастыруға және Ресейді жағымсыз жағынан көрсетуге тырысатындардың бар екенін айтып: «Бізде Ресейдің Қазақстанды өзіне қосқысы келетініне қатты сенетіндер де бар», - деді.
Шойгу: «Сіз білесіз бе, сіздің осы сияқты сұрақтарыңызды сіздің терең білімді, өте ақылды және тарихты жақсы білетін, түсінетін адам екеніңізді білгендіктен шыдамдылықпен тыңдап отырмын», - деді.
РФ Қорғаныс министрлігінің басшысы Шойгу Қазақстан мен Ресейдің ежелден қалыптасқан бауырластық қарым-қатынасқа ие екенін атап айтты.  
Шойгу: «Біздің өз арамызда бірдеңені бөлісу үшін ешқандай себеп жоқ. Біз шекараны сонау 1998 ж. толық демаркацияладық. Оның үстіне біз шекара туралы келісімге қол қойдық. Менің ойымша, ол 2005 жылы жасалған. Біздің қарым-қатынасымыз керемет. Оған не үшін араласу керек?
Араласушылыққа қатысты айтарым, әсіресе екі дос бір нәрсе туралы дауласа бастағанда, олар білмейтін және ешқашан дос санамаған басқа біреу пайда болады. Бұл жағдайда мен Украина мен АҚШ-ты айтып отырмын », - деп қорытындылады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети