• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
43 Категория: Интервью - Жарияланды 28/04 - 12:11

НҰРСҰЛТАН, 28-сәуір. - Eurasia Today. 2014 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта Кореяға барған қазақстандықтардың саны жылына 20 мыңнан 44 мың адамға дейін, яғни екі еседен астам өсті.

Соңғы уақытта Қазақстаннан Корея Республикасына еңбек миграциясы тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерден айтарлықтай көрініс тапты.

Сонымен қатар, жағдай көбінесе бірқатар үстірт пікірлерге негізделген теріс, тіпті дүрбелең тудырарлықтай бағаланып жатыр. Liter.kz сайтының хабарлауы бойынша, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев мәселенің түйінді тұстарын атады.

2014 жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында визасыз режим туралы келісім күшіне енді. 
Соған сәйкес, егер сапарлары туристік, жеке, іскерлік, мәдени немесе медициналық мақсаттарды көздесе екі елдің азаматтары 30 күнге дейін визалық талаптардан босатылады. Жұмысқа орналасу, оқу, тұрақты тұру үшін тиісті санаттағы виза қажет.

2014 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде Корея Республикасына барған қазақстандықтардың саны жылына 20 мыңнан 44 мың адамға дейін, яғни екі еседен астам өсті. Оңтүстік Кореяда тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарымыздың саны жеті есе, яғни 3 мыңнан 22 мың адамға дейін өсті. Біздің көптеген отандастарымыз Оңтүстік Кореядағы ең жақсы диагностикалық орталықтар мен басқа да медициналық мекемелерде күрделі аурулардан емделуге қол жеткізді.
ТМД елдерінің ішінен тек Қазақстан мен Ресей Федерациясы ғана Корея Республикасымен осындай келісімдерге қол қойғанын атап айту маңызды. Бұл екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді.

Дегенмен сапардың мақсатын ресми түрде туристік деп жариялаған Қазақстан азаматтарының едәуір бөлігі көші-қон заңнамасын бұзып, рұқсат етілген мерзім аяқталғаннан кейін Корея Республикасында заңсыз қалып, осы елде жұмысқа орналасуды көздейді. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея COVID-19 пандемиясына байланысты бұл келісімді біржақты тоқтатты.

Жоғарыда айтылғандай, келісім екі ел арасындағы гуманитарлық, мәдени және іскерлік байланыстарды ынталандыру үшін жасалғанымен, өкінішке қарай, кейбір қазақстандықтар мұны Оңтүстік Кореяға еніп, кейін осы елде заңсыз түрде жұмысқа орналасуға жарайтын жол санайды. 

Корея Республикасы Миграция қызметінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы статистика осы ел аумағында Қазақстанның 8 902 азаматы заңсыз жүргенін көрсетеді. Бұл сан COVID-19 пандемиясы басталғанға дейінгі кезеңде жоғары деңгейге жетіп, шамамен 12 мың адамды құрады. Негізінен, Қазақстаннан баратын еңбек мигранттары өндірістік, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.
Заңсыз жұмыс істейтін азаматтардың көп шоғырлануы тек әкімшілік құқық бұзушылықтардың ғана емес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың да өсуіне соқтырады. Оңтүстік Корея Республикасындағы еңбек мигранттарының заңсыз жағдайы олардың қоғамдастық, жерлестік, діни және ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасатын түрлі бейресми топтармен жақын араласуына ықпал етеді. Олардың бұзақылыққа, жаппай төбелеске, бопсалауға және тағы басқа қылмыстарға, соның ішінде, әсіресе ауыр қылмыстарға қатысуға бейімділігі жиі кездеседі. Мұндай жағдайлар көбінесе жергілікті БАҚ-да жарияланып, Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіреді. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда 23 қазақстандық тергеуде, 19 азаматымыз бас бостандығынан айырған орындарда жатыр.

Корея Республикасындағы отандастарымыздың қайтыс болу саны ерекше алаңдаушылық тудырады. Олардың санының үштен бірі еңбек мигранттарына тиесілі (өндірістік жарақат, жол-көлік оқиғалары, өз-өзіне қол жұмсау, созылмалы аурулардың өршуі, кісі өлтіру және т.б.). 2019 жылы осы елде 43 Қазақстан азаматы қайтыс болды. Оның ішінде заңсыз мигранттар – 15. 
2020 жылы 36 азамат қайтыс болды. Оның ішінде заңсыз мигранттар – 17.

2021 жылдың бірінші тоқсанында Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтыс болған 5 азаматтың  денесі жіберілді. Оның екеуі мұнда заңсыз тұрды. Мұндай жағдайда денені қайтару 8-9 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Елшілігі мен Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені де шешуге мәжбүр, өйткені көп жағдайда туыстары шығындарды төлеуден бас тартады.

Оңтүстік Корея үкіметі заңсыз мигранттардың санын азайту, соның ішінде әуежайларда мемлекеттік шекарадан өту кезіндегі процедураларды күшейту, тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер өткізу сияқты шаралар қолданады. Атап айтқанда, 2019 жылы халықаралық әуежайларда қабылданбай, Қазақстанға 5 мыңға жуық адам қайтарылды.

Корея Республикасы көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, 2020 жылы 1500-ге жуық адам осы елде болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанға депортацияланған. Оңтүстік Корея Үкімет ара-тұра «рақымшылық» немесе «жасыл дәліз» ұйымдастырады. Соған сәйкес заңсыз мигранттарға айыппұл төлемей, өз еркімен елден кету құқығы беріледі.
Әрине, ресми келісім-шартсыз жұмыс істеу заңбұзушылық саналады және мемлекеттік медициналық сақтандыруы жоқ физикалық еңбекпен байланысты. Тиісті құжатсыз ауыр, қара жұмыс қана істеуге болатынын нақты түсіну қажет.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети