НҰРСҰЛТАН, 28-мамыр. - Eurasia Today. Ақпарат торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVakты сатып алу туралы ондаған мұсылман елі қызығушылық танытқанын мәлімдеді.
Алексей Цой Нартай Аралбайұлына берген Youtube арнасында жарияланған сұхбатында: «Біздің вакцинаға деген үлкен белсенділікті байқадық. Шын мәнінде, біздің вакцина – толығымен мұсылман әлемінде дайындалып, шығарылған алғашқы вакцина. Көптеген мұсылман елі бізге жүгінуде. Бірнеше күн бұрын БАӘ әріптесім де сұхбат барысында сөйлескенде қызығушылық білдірді. Бізбен Катардан да хабарласты. Шамамен он шақты ел QazVak-қа ынта танытты. Осы бағытта біз байсалды жұмыс істеп жатырмыз. Авторлық құқықты тіркеп, болашақта вакцинаны, тек бұл вакцинаны ғана емес, экспорттау үшін біздің институт халықаралық патент алып жатыр. Бұл – жетістік. Біздің ғалымдар кез келген вирусты анықтап, одан вакцина жасай алатынын көрсетті. Бізге оның коронавирус немесе басқа вирус болғаны маңызды емес. Олар қысқа режимде осылай жылдам жасай алады. Біздің қазіргі міндетіміз – Қазақстанның мүмкіндіктерін көрсету. Қазақстан басқа елдерден ақылды деу үшін емес. Физикалық тұрғыдан қауіпсіздігі жоғары зертханалар әлемде санаулы. Мұндай «жабайы» вирустармен жұмыс істеу тәжірибесі тек шектеулі елдерге тиесілі. Біздің мүмкіндігіміз болды. Бұл жерде ешқандай жаңашылық пен қиындық жоқ. Бар болғаны, біз көп жыл бойы онымен айналысып келеміз», - деді.
Теңге бағамы
Ауа-райы