• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
650 Категория: Интервью - Жарияланды 29/05 - 12:16

НҰРСҰЛТАН, 29-мамыр. - Eurasia Today. Ақпарат торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, кеше, 28 мамырда Александр Лукашенко Владимир Путинмен кездесіп, келіссөз жүргізу үшін  Ресейге келді. 

Кремльдің мәліметіне сәйкес, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресейге жұмыс сапарымен келген Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен Сочидегі «Бочаров Ручей» резиденциясында кездесті.
Кездесу барысында Путин 2021 жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы сауда көлемінің 18,4 пайызға өскенін, Ресейдің Белоруссияның негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып қалатынын мәлімдеп, оны жақсы үдеріс деп атады. 

Путин екі ел серіктестігінің жақсы үлгісі ретінде маусым айында БелАЭС-тің бірінші блогы пайдалануға берілетінін атап, басқа салаларда да жақсы, жағымды тенденциялардың бар екенін айтты.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Путинге: «Сіз сауда айналымының өсуін дұрыс атап өттіңіз. Біз қазір проценттің әрбір үлесін есептеп отырмыз. Биыл біз Ресеймен сауда айналымын пандемияға дейінгі көрсеткіштен асыратынымызды байқадық. Ол кезде екі ел арасында 35 миллиард доллардан астам тауар айналымы болды», - деді.

Лукашенко еліндегі ЖІӨ өсу қарқынын шамамен Ресеймен бірдей деп атап, Ресей экономикасы өсіп жатқанын, Ресеймен байланысты өз елі экономикасын да қалыпты жағдайда дамуда деп бағалады.
Беларусь Президентінің ресми сайтының Лукашенко мен Путиннің кездесуі жайлы мәліметі бойынша, осы елдің басшысы өткен жылы пандемия салдарынан туындаған шектеулер кезінде әр түрлі елдердің өз азаматтарын басқа мемлекеттерден әкетуге мәжбүр болған кезеңді еске түсіріп: «Курорттардан өз азаматтарын шығарғандай, Ресейден басқа ешкім азаматтарын құтқармаған шығар. Сіздер Үндістанмен де бізге көмектестіңіздер. Шамамен 200 беларусьты қайтардық, кейбір елдерден орыстарды жолшыбай біз шығардық. Ол кезде бәрі жабылып қалды. Минскте бір әуежай жұмыс істеп тұрды. Олар (бірқатар ел, соның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ) бәрін жауып тастады», - деді.

Олар «Белавиадан» өтінді. Біздің компания мыңдаған адамды: шведтерді, немістерді, поляктар мен литвалықтарды, америкалықтарды қайтарды. Мыңдаған адам Минскке әкелінді, өйткені жалғыз әуежай ашық болды. Содан кейін америкалықтарды бізден қайтарды немесе біз оларды жеткіздік. Олардың бізге, «Белавияға» қайтарылған, құтқарылған адамдар үшін қаншалықты ризашылық білдіргенін білсеңіз» деді.

Осыған байланысты Лукашенко мина қойылған туралы хабарламаға байланысты Минскке қонған Ryanair ұшағына қатысты іс бойынша сол елдердің реакциясына тоқталып: «Ұшақ оқиғасына «Белавианың» еш қатысы жоқ.

Ryanair ұшағында болған оқиға кезінде онда ешқандай Belavia ұшағы болған жоқ. Ол әуежайда орналасқан, ол жерден сіз де, басқалар да ұшады. Бөтен ұшақ. Біз оны сонда қондырдық деп әскерилерді айыптайды. Белавианың қатысы қанша?» - деді.

Осы тақырыпқа байланысты Владимир Путин бір кезде Батыста Боливия президентінің ұшағын қондырған оқиғаны еске түсіріп: «Президент ұшақтан шығарылды, ештеңе болған жоқ, тыныштық», - деді.

Александр Лукашенко Путинмен келісіп, әлемде кейбір елдердің ұшақтарын қонуға мәжбүрлеген жәйттердің болғанын, бірақ ешкімнің ол туралы айғайламағанын айтты: «Біздің батыстық «достарымыздың» бізден не қалайтыны түсінікті. Мұнда талқылайтын не бар?» - деді.

Ресей Президенті іскерлік тақырыптардан алшақтап, Сочиде ауа-райы жақсы екенін айтып, Лукашенконы суға түсуге шақырды. Беларусь Президенті ұсынысты қуана қабылдады

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети