Теһран университетінің профессоры Хади Борхани: «Бейруттағы жарылыс өте қатты болды және бұл қалаға көптеген зиян келтірді, сонымен қатар оның саяси, экономикалық және әлеуметтік салдары да бар және оны Ливандағы саяси, әлеуметтік және экономикалық жер сілкінісі деп санауға болады», - деді. Бұл туралы «IRNA» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хади Борхани бейсенбі күні «IRNA» ақпарат агенттігіне Бейрут портында орын алған жарылыс туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында: «Сейсенбі күні кешкі уақытта Бейрутта болған жарылыс өте қорқынышты болды және бұл Рафик әл-Хариридің қастандықпен өлтірілгеннен кейінгі Бейруттағы ең үлкен оқиға деп санауға болады»,- деді.
Хади Борхани сөзінде: «Сейсенбі күні Бейрутта екі жарылыс болды. Бірінші жарылыс қалыпты, кішігірім, бірақ екінші жарылыс қатты әрі қорқынышты болды. Екінші жарылыс Бейрутты қатты сілкіндіріп, қаланың жартысын зақымдады», - деді. Ливан мәселесін зерттеуші сарапшы Хади Борхани Бейрутта болған жарылыстың қалаға көптеген шығын алып келгеніне тоқтала және Бейрут губернаторының сөзіне сілтеме жасап, бұл қалада оқиға салдарынан 300 мың адамның үйсіз қалғанын және Бейрут портының толығымен қиратылып, азық-түлік және дәрі-дәрмек сияқты маңызды заттарды сақтайтын қоймалардың жойылғанын айтты.
Жарылыстың өте қатты болғанына тоқтала отырып, Борхани: «Бейруттағы жарылыстардың қуаты өте күшті болды, кейбір сарапшылар жарылыстың қарқыны қалыпты бомбадан асып, оны ядролық бомбаның баламасымен салыстырады», - деп мәлімдеді.
Теңге бағамы
Ауа-райы