НҰРСҰЛТАН, 25 - тамыз. - Eurasia Today. Бүкілресейлік «Единая Россия» саяси партиясының ХХ съезінің екінші кезеңіне қатысқан осы елдің президенті Владимир Путин Ауғанстанның ішкі ісіне араласпайтынын мәлімдеді.
Kremlin сайтындағы мәліметке сәйкес, Ресей Президенті Владимир Путин «Единая Россия» партиясының съезінде сөйлеген сөзінің бір бөлігінде Ауғанстан жағдайына тоқталды:
«Сіздер бүгін Ауғанстанда қандай қиын және алаңдатарлық жағдай қалыптасқанын білесіздер. Біз бұл жағдайды мұқият қадағалап, ҰҚШҰ-дағы одақтастарымызбен белсенді қарым-қатынас жасап отырмыз. Әрине, біз Ауғанстанның ішкі ісіне араласпаймыз, оның үстіне Қарулы күштерімізді «бәрін бәріне қарсы» (бұл жерде менің ойымша, осындай жағдай болып жатыр) қақтығысына, бұл елде бірнеше ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан қақтығысқа тартайық деп жатқан жоқпыз.
КСРО-ның бұл елде өзіндік тәжірибесі болды. Біз тиісті сабақ алдық. Біз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін және ең алдымен Ресей мен өз азаматтарымызды халықаралық терроризм қаупінен сенімді қорғау үшін тиімді мүмкіндіктерге иеміз деп айта аламын. Бұл қауіп, өкінішке қарай, сақталып отыр. Біз мұны түсініп, асқан жауапкершілікпен қарауымыз керек.
...Бірақ, мен қайталап айтамын, лаңкестер, Ауғанстаннан пана тапқан әр түрлі топтар осы елде біздің батыстық әріптестеріміз қалдырған хаосты пайдаланып, көршілес мемлекеттерде тікелей шиеленісті бастауға тырысатын қауіп бар. Бұл біздің елге, біздің одақтастарымызға тікелей қауіп төндіреді, сондай-ақ есірткі тасымалының ықтималды артуы, заңсыз көші-қон мәселесінің шиеленісуі деген сөз. Мұның бәрі бізге қатер төндіреді. Бұлар толығымен шынайы. Осындай жағдайда біз бәріміз: қоғам, азаматтар бұрынғыдан бетер біртұтас болуға тиіспіз».
Теңге бағамы
Ауа-райы