• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1764 Категория: Интервью - Жарияланды 14/10 - 13:17

НҰРСҰЛТАН, 14 - қазан. - Eurasia Today. Ресей президенті Владимир Путин CNBC телеарнасы жүргізушісінің орнына кім болатыны туралы сұрағына жауап беруден тартынды.

Kremlin.ru сайтының мәліметіне сәйкес, «Ресей энергетикалық апталығы» форумының пленарлық отырысының соңында Путин америкалық CNBC телеарнасының жүргізушісі Хедли Гэмблге сұхбат берді.

Х. Гэмбл: Президент мырза, әрбір Атқарушы директор әрқашан өз орнына кім болатыны туралы ойлайды. Сіз мұрагеріңіз туралы не ойлайсыз? Сіз 84 жасқа дейін президент болғыңыз келеді ме?

Владимир Путин: Жоқ, мен мұндай сұрақтарға жауап бермегенді жөн көремін, бұл менің дәстүрлі жауабым. Келесі сайлауға дейін әлі көп уақыт бар. Осы тақырыптағы әңгіме жағдайды тұрақсыздандырады. Барлық мемлекеттік органдар, барлық мемлекеттік құрылымдар сенімді түрде жұмыс істеп, болашаққа байсалды қарау үшін жағдай тыныш және тұрақты болуы керек. Иә, Конституция маған мұны жасауға, келесі мерзімге сайлануға мүмкіндік береді, бірақ бұл туралы әлі шешім қабылданған жоқ.

Еске салайық, Владимир Путин «Ресей энергетикалық апталығы» халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысты. Пікірталас тақырыбы - «Әлемдік энергия: даму үшін трансформация».

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети