• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
28 Категория: Интервью - Жарияланды 11/11 - 14:12

НҰРСҰЛТАН, 11 - қараша. - Eurasia Today. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «Спутник» препаратымен вакцинацияны Қазақстан мен Ресей арасында өзара тану тақырыбын белсенді түрде жүргізіліп жатқан ведомствоаралық кешенді жұмыс деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова брифингте журналистердің вакцинация паспорттарын, атап айтқанда, ресейлік «Спутник» препаратымен вакцинацияны Қазақстан мен Ресей арасында өзара тану туралы сұрағына жауап берді.

Захарова: Бұл бағытта екі елдің барлық мүдделі ведомстволарымен белсенді және дәйекті жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қарашаның екісі күні осы мәселе бойынша Роспотребнадзор, Цифрлық даму министрлігі және Ресей Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында кезекті кездесу өтті. Негізінде, Ресей қазақстандық серіктестердің екпе сертификаттарын өзара тану туралы бастамасын қолдайды. Мұндай бастаманы жүзеге асырудың әлеуетті платформаларының бірі «COVID-19-сыз саяхат» қосымшасы болуы мүмкін. Бұл туралы егжей-тегжейлі хабардар етіліп, оның тұсаукесері Сыртқы істер министрлігінде өтті. Ресейде вакцинация сертификаттарын тану мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Тиісті келісімнің жобасы дайындалды. Ол біздің елдің мүдделі федералды органдарымен және ведомстволарымен келісу рәсімінен өтіп жатыр. Бір топ елмен вакцинация сертификаттарын тануды ретке келтіру жоспарлануда. Бұл қазір белсенді түрде жүргізіліп жатқан ведомствоаралық кешенді жұмыс екенін атап өткім келеді.

Мерзімі туралы айта аласыз ба?

Захарова: Айта алмаймын. Нақты уақыты белгісіз. Жұмыстың өте қарқынды жүргізіліп жатқанына ғана сендіре аламын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети