• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
295 Категория: Интервью - Жарияланды 29/11 - 12:38

НҰРСҰЛТАН, 29 - қараша. - Eurasia Today. 28 қарашада Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) құрылған күніне орай Ашхабадта Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың төрағалығымен осы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының 15-ші саммиті өтті.

Саммит аясында Иран Президенті Сейед Ибраһим Раиси Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиевпен екіжақты кездесу өткізді. Әзірбайжан Республикасы Президентінің ресми сайтының мәліметіне сәйкес, соңында Әзірбайжан мен Иран президенттерінің қатысуымен «Иран Ислам Республикасының аумағы арқылы табиғи газды тасымалдау шарттарын анықтайтын келісімге» қол қойылды. Келісімге қол қойылғаннан кейін мемлекет басшылары ирандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Президент Илһам Әлиев: Біз тамаша әңгімелестік. Дос және бауыр ретінде Иран-Әзірбайжан қарым-қатынастары жөнінде пікір алмастық. Біз бұдан былай Иран-Әзірбайжан қарым-қатынасы барлық салада өрлеу бағытында дамиды деген шешімге келдік. Біздің халықтарымыз – бауырлас халықтар, елдеріміз – бауырлас елдер және бүгін талқыланған мәселелер Иран-Әзірбайжан қарым-қатынасының өте жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Тілші: Құжатқа қол қойылды, бұл туралы не айта аласыз?

Президент Илһам Әлиев: Құжатқа қол қойылды, оның да маңызы зор. Бұл тарихи құжат. Бұл Иран-Әзірбайжан байланыстарының қаншалықты терең екенін көрсетеді. Әзірбайжан түркімен газын Иран арқылы алады. Бұл біздің ниеттерімізді айғақтайтын үшжақты ынтымақтастық үшін тамаша негіз болып табылады. Қол қойылған құжат экономикалық және энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды. Рахмет.

Тілші: Президент мырза, бүгін сіз мұсылман елі – Әзірбайжанмен келіссөздер жүргіздіңіз. Олар туралы не айта аласыз?

Президент Сейед Ибраһим Раиси: Әзірбайжанмен қарым-қатынас мәдени, жылы және шынайы. Біздің байланысымыздың тарихы өте ежелгі. Бұл байланыста түсініспеушілік болмауы керек. Бүгін біз Әзірбайжан Республикасының мәртебелі Президентімен жақсы кездесу өткізіп, екі ел мүдделі мәселелерді талқыладық. Бүгін Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан арасында қол қойылған газ келісімі елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың, екі және үш ел қарым-қатынасының дамуына қызмет етеді. Бұл бағытта байыпты және көптеген қадам жасау қажет. Екі елдің ерік-жігерінің арқасында біздің мемлекеттер арасындағы байланыстар, соның ішінде экономика, сауда, транзит және мәдени салалардағы ынтымақтастық біздің елдер арасындағы байланысты кеңейтуге бағытталуы керек. Біздің байланысымыздың тарихы көне. Бұл байланыс әрі қарай кеңейіп, дамуы керек.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
457.22
0.00
EUR
492.86
-1.11
RUB
6.00
+0.68
TJS
41.90
+0.01
TMT
130.63
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+5°C Мәскеу
+2°C Астана
+12°C Бішкек
+12°C Алматы
+22°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети