• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
312 Категория: Интервью - Жарияланды 05/01 - 13:25

НҰР-СҰЛТАН, 05 - қаңтар. - Eurasia Today. Түрлі жиһаз өнімдерін шығарумен айналысатын «Aýbölek» түркімен жеке кәсіпорны өз ісінің үздіктерінің бірі болып табылады. Мекеме басшысы Меретмұхаммет Тачмұхаммедов Ussat News редакциясына арнайы сұхбат беріп, жүргізіліп жатқан жұмыстары мен компанияның болашақ жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі хабарлады. 

Кәсіпкердің айтуынша, компания 2010 жылдың 29 шілдесінде Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылып, кәсіпкерлік саланы қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында өз жұмысын бастаған.

Компания жұмысына тоқталып өткен Меретмұхаммет Тачмұхаммедов компания жеке тапсырыс берушілер мен түрлі мекемелердің сұраныстарын үлкен жетістікпен қанағаттандыратынын атап өтті.  

Болашақ жоспарларына тоқталған компания директоры сұхбатында: «Біз кәсіпорынның филиалдарын шетелде ашу арқылы қызметімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін біз қазіргі таңда Түркия мен Румынияның іскер топтары өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің шетелдік филиалдарымыздың жоспарланған жұмыс бағыттарының бірі – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу. Осы мақсатта біз сәбилерге арналған түркімен ұлттық бесіктерін, балалар ойыншықтарын, ағаштан жасалған тербелетін аттар мен ұлттық ою-өрнекті, сәндік өрнектерді пайдалана отырып түрлі жиһаз шығаруға ниеттіміз, – деді.

Айта кетсек, «Aýbölek»  компаниясының офистер, балабақшалар және білім беру орталықтарына, медициналық мекемелерге, жатақханаларға, қонақ үйлерге, әскери бөлімдер мен спорт кешендеріне арналған жиһаз өндіруде үлкен тәжірибесі бар.  

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети