НҰР-СҰЛТАН, 16 - мамыр. - Eurasia Todaу. Һормозганның сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының басшысы Иранның Һормозган облысымен Қазақстан арасындағы сауда қарым-қатынасының артатынын хабарлады.
borna.news сайтының мәліметіне сәйкес, Һормозган Сауда-өнеркәсіп палатасының хатшысы Мохаммад Реза Сафа Бандар-Аббастағы Қазақстанның жаңа консулы Берік Садықовпен кездесуінде: «Серіктестік үшін екі ел зор әлеуетке ие болғандықтан, ынтымақтастықты дамыту үшін экономика мен сауданың әртүрлі салаларындағы потенциалды пайдалануды баса айтамыз. Һормозган облысының әлеуеті Қазақстанның экономика саласының белсенділерінің назарын аударатыны сөзсіз», - деді.
Сафа сөзінің жалғасында былай деп мәлімдеді: «Һормозган облысының сауда, порт, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы мүмкіндіктері осы облыстың Қазақстанмен сауда қатынастарының дамуында жаңа тарау аша алады.
Һормозган облысының бірегей экономикалық мүмкіндіктері және әртүрлі ауылшаруашылық, балық, бау-бақша өнімдерін маусымнан тыс өндіруі, сондай-ақ экспорт дарбазаларының мүмкіндіктері өндіріс пен экономиканы арттыруда стратегиялық рөлге ие. Шетелдік инвесторларды тарту – Һормозган сауда палатасындағы біздің басымдылықтарымыздың бірі.
Еліміздің ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігі Һормозғанда өндіріледі. Сол себепті қызанақ, пияз, баклажан, қарбыз, құрма және цитрус пен балық сияқты көптеген маңызды өнімдер бойынша біздің облыс бірінші орында тұр.
Қазақстан Һормозган облысының әлеуеттерін жеміс-жидек пен цитрус шаруашылығында, сондай-ақ балық өнімдері секторында пайдалана алады деп үміттенеміз.
Қазақстанмен сауда қарым-қатынастарын кеңейту үшін бізде ешқандай шектеу жоқ. Біз Қазақстанның сауда делегацияларын жақсы қабылдап, Һормозган облысының сауда делегацияларын осы елге жібере аламыз».
Қазақстанның Бандар-Аббастағы консулы Берік Садықов: «Біз Һормозган провинциясымен сауда байланысын арттыруды көздеп отырмыз. Һормозган мен Маңғыстау облыстарын туыстас облыстар ету үшін әрекет етіп жатырмыз. Бұл тұрғыда Һормозган Сауда палатасының маңызды әрі шешуші рөлі бар екені даусыз.
Қазақстан үкіметінің Бандар-Аббас қаласында консулдық ашудағы маңызды мақсаттарының бірі – Һормозган облысымен туыстық облыс ретінде қарым-қатынас орнатып, оны арттыру. Биыл Һормозган облысымен сауда байланыстарының артуына куә боламыз деп үміттенеміз», - деді.
Теңге бағамы
Ауа-райы