НҰР-СҰЛТАН, 23 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Мохсен Хожастехмеһр мен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов кеше 22 мамырда Теһранда кездесті.
Иранның Ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және сауда және интеграция министрімен кездесуде екі елдің энергетика саласындағы серіктестік әлеуеттері туралы сұхбаттасты.
Иран Мұнай министрлігінің ақпарат торабының хабарлауынша, Мохсен Хожастехмеһр Бақыт Сұлтановпен кездесуден кейін берген сұхбатта: «Иран мен Қазақстан арасында энергетика саласында жақсы ынтымақтастық үшін негіз бар. Иран екі елдің мықты мүмкіндіктерін іске асыруға ниетті. Қазақстанның еліміздің мұнай өнеркәсібімен ынтымақтасуға деген ұмтылысын ескере отырып, екі елдің сарапшылары ауыр мұнай кен орындарын игеру, мұнай-газ своптары мен мұнай өнімдерін, сондай-ақ техникалық және инженерлік қызметтерді экспорттау саласындағы ынтымақтастық салаларын зерделеуді жоспарлап отыр. Екі елдің сарапшылары арасындағы келіссөздердің нәтижесі соңында Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуға ұластырады. Сондықтан Мұнай министрлігі Қазақстан Президентінің Теһранға сапарында осы меморандумға ресми түрде қол қоюға дайын», - деді.
Айта кетейік, Қазақстан СІМ мәліметі бойынша 2022 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға жоспарланып жатқан ресми сапарына қатысты мәселелерді Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі - Еуразия жөніндегі Бас директоры Әлиреза Хақиқианмен кездесуде талқылады. Сапардың нақты күні әлі жарияланған жоқ.
Теңге бағамы
Ауа-райы