• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
383 Категория: Иран - Жарияланды 20/03 - 14:12

АСТАНА, 20 - наурыз. - Eurasia Todaу. Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани кеше, 19 наурызда Ирак астанасы Бағдадқа аттанды.

Әли Шамхани Ирактың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Қасым әл-Араджидің шақыруымен Бағдадқа ресми сапармен барды.

Әли Шамханимен бірге Иракқа Орталық банктің басшысы, Сыртқы істер министрінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасары және Парсы шығанағы елдері бойынша Сыртқы істер министрінің көмекшісі бірге аттанды.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сапар барысында Ирак Үкіметінің жоғары саяси және экономикалық басшыларымен кездесіп, кеңеседі.
Сонымен қатар сапар барысында бірнеше ай бойы талқыланып келе жатқан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ортақ құжатқа қол қойылады деп күтілуде.
Құжат тату көршілік пен ортақ шекаралардың қауіпсіздігін белсенді қорғау үшін жауапкершілік пен өзара міндеттемені күшейтеді.
Айта кетсек, жақында Әли Шамхани Бейжіңге ресми сапармен барып қайтты. Сауд Арабиясының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мұсаид бен Мұхаммед әл-Айбан және Иран Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани 6-10 наурыз аралығында Бейжіңде келіссөздер жүргізді. Бірлескен басқосуда дипломатиялық қатынастарды және әр тарап өз елшіліктерінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге келді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+12°C Мәскеу
+18°C Астана
+28°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+28°C Ташкент

Соцсети