АСТАНА, 26 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иранның Қорғаныс министрінің қатысуымен Хоррамшахр баллистикалық зымырандарының «Хейбар» атты жаңа зымыраны таныстырылды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хоррамшахрдың азат етілуінің үш жылдығына орай «Хейбар» атты «Хоррамшахр- 4» зымыраны кеше, бейсенбі күні Иранның Қорғаныс министрі Мохаммад Реза Аштианидің қатысуымен таныстырылды.
Аталмыш зымыран Иран Қорғаныс министрлігіне қарасты Аэроғарыш өнеркәсібі ұйымының соңғы үлгідегі зымырандық өнімі.
«Хейбар» зымыраны - «Хоррамшахр» зымырандарының ең жаңа нұсқасы болып табылады.
«Хейбар» зымыраны 2000 км қашықтыққа жететін сұйық отынды және 1500 кг оқтұмсықты зымыран. «Хорремшахр-4» зымыраны өзінің өте қуатты қозғалтқышының арқасында өте жоғары ерекше күшке ие.
Теңге бағамы
Ауа-райы