ИранТүркіменстанменРесейгазынкезкелгенбағыттатасымалдаудыұсынды
- Толығырақ
- Категория: Иран
- Қаралды: 378
АСТАНА, 18 - ақпан. - Eurasia Todaу. Иран Түркіменстан мен Ресей газын кез келген бағытта, соның ішінде Оңтүстік Азиядағы тұтынушыларға тасымалдауды ұсынды.
nCa сайтының мәліметі бойынша Иранның газ инженерия және даму компаниясының (IGEDC) басқарушы директоры және басқарма төрағасы Реза Новшади елінің ресми түрде «Газпром» мен «Түркіменгаз» компанияларына Иранның солтүстіктегі Түркіменстан мен Ресейден газ алып, оңтүстігінде қалаған еліне жеткізуге дайын екенін ресми түрде ұсынғанын хабарлады.
Ол Иранның әлемдегі ең үлкен газ құбыры желісіне ие екенін айтты.
Новшади елінің Пәкістанға газ жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде Пәкістанмен шекараға дейін тәулігіне 100 миллион текше метрді құрайтын құбыр тартылып жатыр.
Новшади Иранның тәулігіне 100 миллион стандарт текше метрге дейін газ тасымалдау мүмкіндігі бар екенін, бұл жылына шамамен 36,5 миллиард текше метр газды құрайтынын атап өтті.
IGEDC - Иранның NIGC ұлттық газ компаниясының толық еншілес кәсіпорны.
Теңге бағамы
Ауа-райы