• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1003 Категория: Экономика - Жарияланды 09/03 - 17:00

АСТАНА, 09 - наурыз. - Eurasia Todaу. Макроэкономикалық зерттеулер және болжау институтының сарапшылары Қытайдың арнайы экономикалық аймақтары тәжірибесін зерттеді.

Қытайдағы арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) ынталандыру механизмі негізінде шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы «экономикалық өсу нүктелерін» құруға бағытталған.
Елдің жалпы ішкі өнімінің 22% - ы Қытайдағы арнайы экономикалық аймақтарда құрылады. Сондай-ақ олардың үлесіне елге түсетін тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 45% - ы және экспорттың 60% - ы тиесілі.
Зерттеу нәтижелері бойынша Қытайдағы арнайы экономикалық аймақтардың жедел дамуына келесі негізгі факторлар ықпал ететіні анықталды:
1. АЭА дирекцияларына орталық үкіметтің келісімінсіз өз инфрақұрылымын дамыту жөнінде шешімдер қабылдауға рұқсат етілді;
 2. АЭА-дағы кәсіпорындар өздерінің инвестициялық, инновациялық, өндірістік және маркетингтік шешімдерінің басым бөлігін дербес қабылдайды;
3. Өнімдері негізінен экспортқа бағдарланған АЭА-ға шетелдік инвестициялар үшін арнайы салық жеңілдіктерін беру қарастырылған;
4. АЭА-дағы экономикалық қызмет негізінен нарықтық қағидаттармен реттеледі және оларға халықаралық саудада үлкен тәуелсіздік беріледі;
5. 2019-2020 жылдары Қытайда трансшекаралық электрондық коммерцияның 24 жаңа аймағы ашылды;
6. Қытайдағы АЭА негізінен жоғары технологиялық өнеркәсіптік өнімдерді өндіруге бағытталған.
Қытай қазіргі уақытта жаһандық экономикадағы үлкен ойыншы болып табылады және экономикалық дамуда үлкен қадамдар жасады. Арнайы экономикалық аймақтар Қытай экономикасын бүгінгідей етіп қалыптастыруға ықпал етті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети