• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
23 Категория: Экономика - Жарияланды 10/03 - 15:47

АСТАНА, 10 - наурыз. - Eurasia Todaу.  Былтыр Қазақстанмен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 40 млрд долларға жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд доллардан асады. 2022 жылдың 9 айында еуропалық инвестициялар ағыны 10%-ға өсіп, 8 млрд доллардан асты. Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30% үлесі Еуропалық одаққа тиесілі. 2022 жылы тауар айналымының көлемі 2021 жылғы көрсеткіштен 27,6%-ға асып, 40 млрд долларды құрады. Бұл Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан шыққаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Қарқынды өсу ағымдағы жылы да жалғасуда», - деп қорытындыларға тоқталды Роман Василенко.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети