• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
426 Категория: Экономика - Жарияланды 10/05 - 10:07

АСТАНА, 10 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран Президенті Ибраһим Раиси IRAN EXPO-2023 көрмесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Иран Ислам Республикасының ғылыми және экономикалық әлеуеттерін жақсырақ таныстыру үшін басқа елдерде сауда кеңселерінің ашылатынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси жексенбі күні V Иранның экспорттық мүмкіндіктері көрмесінің ашылу рәсімінде он үшінші үкіметтің 50 миллиард долларға тауар экспорттап, 40 жылда бірінші рет рекорд тіркегенін атап өтті. Ол бұл маңызды жағдайдың Иран мен басқа елдердің сауда-экономикалық байланысының арта түсіп, қарым-қатынас деңгейінің жоғарылауына себеп болатынын қуаттады.
Сондай-ақ Раиси Иранның қазіргі өнімдерінің көршілес және әлем елдерінде басқа өндірушілердің тауарларымен бәсекеге түсе алатынына тоқталып: «Он үшінші үкімет кезінде денсаулық сақтау, фармацевтика және медициналық құрал-жабдықтар саласында пайдалы істер атқарылды. Бүгінде қажетті дәрі-дәрмектердің 95 пайызы ел ішінде өндіріліп, экспортталады. Бұл - осы елдің мақтаныштарының бірі»,-деді.
Айта кетсек, IRAN EXPO-2023 көрмесі Теһранның халықаралық көрмелер орталығында 750 отандық компания мен 60 елдің өкілдерінің қатысуымен басталды және көрме 10 мамырға дейін жалғасады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети