ТәжікстанныңауылшаруашылығыөнімдеріПавлодароблысынажеткізіледі
- Толығырақ
- Категория: Экономика
- Қаралды: 542
АСТАНА, 12 - мамыр. - Eurasia Todaу. 2023 жылғы 10 мамырда Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзоданың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Павлодар облысына жеткізуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзода Павлодар облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Байханов Асайнмен және басқа да ресми тұлғалармен, сондай-ақ Павлодар облысының кәсіпкерлерімен, банк секторының өкілдерімен және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдерін өндірушілермен кездесті.
Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелері, атап айтқанда, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Павлодар облысына жеткізуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Теңге бағамы
Ауа-райы