• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
440 Категория: Экономика - Жарияланды 23/05 - 12:18

АСТАНА, 23 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қытайдың Сиань қаласында өткен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы барысында KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және Wuhan Asia Europe Logistics Co халықаралық логистикалық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шара барысында тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығында сату жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға уағдаласты.
«Стратегиялық құжат Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға, тығыз коммерциялық қатынастарды дамытуға және Қытайға дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған», - дейді ҚХР-дағы KazakhExport өңірлік директоры Сергей Салманов.
Құжатқа сәйкес «Ухань Ханьоу» қазақстандық өнімді импорттайды және оны Хубэй провинциясы мен Қытайдың сауда желілерінде тақырыптық бөлімдер арқылы, қазақтың ұлттық стилінде мамандандырылған стендтер орната отырып сатады. Компания қазақстандық тауарлар мен KazakhExport мүмкіндіктерін ел аумағында ілгерілетуге қолдау көрсетеді.
Қазақстандық экспорттық компания отандық өндірушілермен байланыс орнатуға және импорттаушыларды қызықтыратын өнімді іздеуге көмектеседі.
Сондай-ақ, қазақстандық экспорттаушылар үшін қажетті сақтандыру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Айта кетсек, жыл басынан бері 53 млрд теңгеге экспорттық келісімшарттар бекітілген. Қытайдың 11 импорттаушысымен ұн және күнбағыс дәнін жеткізу бойынша 17 келісімшарт жасалған.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети